» » КӘСІПКЕРЛІК ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

КӘСІПКЕРЛІК ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫНА АЙНАЛУЫ ТИІС

Өткен аптада облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен жиында 2018-2020 жылдар аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы деп жарияланды. Бұған басты себеп, Елбасы тапсырмасына сәйкес, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту, аймағымызда шағын және орта бизнестің үлес салмағын арттыру мақсатында облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, қоғамдық кеңес пен кәсіпкерлер палатасының шешімімен осындай тоқтам жасалды.
Аймақ басшысы аталған кезеңде негізгі басымдылық өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға берілетінін атап айтты.
– Мен бұған дейін де бірнеше рет жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы бір уақытта 3 маңызды мәселені аймақта шешетінімізді айтқан болатынмын. Біріншіден, ол салық базасының ұлғаюы, екіншіден, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, үшіншіден, қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығының жақсаруы. Неліктен жаппай кәсіпкерлік? Себебі, бізде міндетті түрде жұмыспен қамту қажет 64 мыңнан аса жұмыссыз және өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған азамат бар, – деді облыс әкімі.
Ескерерлігі, жұмыссыз азаматтар мен өнімсіз жұмыспен қамтылғандардың дені елді мекен тұрғындары. Ал, мұндай кезде іргелі кәсіпорындарды дамыту оңай емес. Яғни, мұнан шығатын түйін – шағын және орта бизнес арқылы ғана жұмыс орындарын ашып, ел экономикасын нығайтуға болады. Жалпы, жаппай кәсіпкерлік – бір мезгілде 3 маңызды мәселені шешеді. Бұл тұрғыда облыста Бірыңғай жол картасы әзірленді.
Жиында Қ.Елеуұлы жол картасындағы 5 басты көрсеткішті атады. Біріншісі – жұмыс жасап тұрған шағын және орта субъектілер санын 40 мыңға дейін ұлғайту, екіншісі – микро, шағын және орта бизнесте кемінде 90 мың тұрақты жұмыс орнын құру, үшіншісі – 2 млн. теңгеден астам жылдық айналымы бар 9 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілерін құру, төртіншісі – облыс жалпы қосылған құндағы шағын және орта бизнестің үлесін жыл қорытындысымен кемінде 192 млрд. теңгеге жеткізуі тиіс. Айталық, қала және аудан әкімдері электрондық сауданы еселеп дамытуы керек. Бесінші көрсеткіш – облыс ағымдағы жылдың қорытындысымен жалпыөңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін кемінде 15 процентке өсуіне қол жеткізуі қажет.
Аймақ басшысы атап айтқанындай, Сыр елінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша үш жылдық жұмыстар бұдан әрі де жандана түспек. Өйткені, шағын және орта бизнес дамығанда ғана ауыл әлеуеті мен экономикасы нығая түседі. Мұны уақыт өзі дәлелдеп отыр.
Бағыт – белгілі, жоспар – айқын. Алда тек жауапты тұлғалардың жан-жақты жұмыс істеуі қалып тұр.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
11 тамыз 2018 ж. 1 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031