» » Фракция отырысы өткізілді

Фракция отырысы өткізілді

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалында Елбасы, Партия Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талкылау мақсатында аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшелерінің қатысуымен отырыс болып өтті. Отырысты фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты К.Раева ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талкылау бойынша «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов хабарлама жасап, бес бастамаға тоқталып өтті. Сонымен қатар күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің директоры И.Айекенов 2017-2018 оқу жылы бойынша атқарған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есебі тыңдалып, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіндегі маңыздысы «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мәселесіне байланысты аудандағы Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің жатақханасы туралы мәселені де көтеріп айтып өтті. Одан соң аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің жетекші маманы А.Асанова жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерге арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып жатырған жұмыстарға тоқталып, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Бастау Бизнес» оқу курсына 220 азамат оқыту жоспарланған. Жоспарланған оқу курсының 1 кезеңінде 45 азамат оқу курстарына қатыстырылып 42 азамат оқуды аяқтап шықты. Оның ішінде 40 азамат жобаларын қорғады. Бүгінгі күні, «Бастау Бизнес» жобасының 2 кезеңі бойынша Байқоңыр-Ақай-Төретам елді мекендерінің 45 азаматы оқытылып жатыр. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Бизнес Кеңесші» курстарынан 56 адам өтті. 2018 жыл басынан бері «АШҚҚҚ» АҚ арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында аудан бойынша 18 жоба 63,0 млн теңгеге несиелендірілді.«Бастау Бизнес» курстарынан өткен 42 азаматтың 20-сы АШҚҚҚ АҚ-на құжаттарын өткізді. Қаржыландыру маусым айының 20-шы жұлдызына дейін іске асырылады. Басқа қатысушылар бойынша құжаттар жинақталуда екенін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты депутаттар Б.Нысанбаев, А.Үсенов, Д.Бухановтар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын да айтып өтті. Отырысты «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі К.Раева қорытындылап, Елбасы, Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін тұрғындар арасында, әрбір ұжымда талқылап, алдағы уақытта кеңінен түсіндіру жұмыстары жалғасатынын айтты.
22 маусым 2018 ж. 1 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 038

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031