» » ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының «Ақжар» бастауыш партия ұйымында партия белсенділерімен және партия мүшелерінің басқосуымен жиын болып өтті. Жиынды «Ақжар» БПҰ төрағасы Е. Бисембаев ашып, Елбасы «Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа үндеуде айтылған әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту, шағын несие көлемін көбейту, сондай-ақ елді газбен қамтамасыз ету ісін жалғастыру жөніндегі бастамалар экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағынан да соны серпін береді деп айтып өтті. Жиын барысында партия белсенділері №7 Шаттық балабақшасының меңгерушісі З. Абауова «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі – Қазақстанның келешегін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары, мемлекеттің әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған тың қадамдары деп сеніммен айта аламыз. Мемлекет басшысының үндеуіндегі бастамалар отандастарымыздың әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін, зияткерлік сапасын жоғарылатуды һәм жақсартуды көздейді деген пікірлерін білдірді. Сонымен қатар жиынға қатысушы барлық партия мүшелері де бес бастаманы қолдайтындықтарын жеткізді.
13 маусым 2018 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031