» » ЖОСПАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ

ЖОСПАР АРТЫҒЫМЕН ОРЫНДАЛДЫ

Қызылордада облыс әкімі жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі мен Палата жанындағы Өңірлік кеңес мүшелерінің бірлескен отырысы өтті.Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен шараға арнайы «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қатысты.Отырыс барысында 2018 жылға арналған өңірде кәсіпкерлікті дамытудың Жол картасының жобасы талқыланып, аймақта жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған шаралар, кәсіпкерлік саласын сандық форматқа ауыстыру бағытындағы шаралар талқыланды.
Кеңесте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев өткен жылы «Атамекеннің» пилоттық режимде жүзеге асырған «Бастау Бизнес» жобасының нәтижесі мен биылғы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Мәселен, жоба былтыр еліміздің 80 ауданында өтіп, 15 мың азамат кәсіпкерлік негіздеріне қатысты 1 ай біліктілігін жетілдірген. Нәтижесінде 3314 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылған.
Соның ішінде Қызылорда облысының үлесі де бар. 2017 жылы қызылордалық 937 азамат аталмыш бағдарламаға тартылған. Қызылордада «Бастау Бизнестің» аясында 187 кәсіпкерлік нысанын ашу жоспарланған болса, меже 191 пайызға орындалды. 358 қызылордалық мемлекеттен бөлінген қаржы аясында несие алып, өз кәсібін бастап кеткен.
Эльдар Жұмағазиев бағдарлама тиімділігін көрсеткеннен кейін, биылғы жылы да жалғастырылатындығын жеткізді. 2018 жылы «Бастау Бизнес» жобасына республиканың 180 ауданы қатысатын болады. 30 мың жұмыссыз немесе өзін-өзі қамтыған адам оқытылып, 30 мың адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
2017 жылы бағдарламаға Қызылорданың 5 ауданы кірген болса, биыл Жалағаш пен Сырдария аудандарының тұрғындары да қатыса алатын болды. Жыл соңына дейін 1600 қызылордалық оқытылып, ең азы 320 азаматтың жобасы қаржыландырылады деп күтілуде.
Отырыста облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Жалпы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы біздің сенімді серігімізге айналды», - дей келе, Кәсіпкерлер палатасы құрылған сәттен бастап өңірде саланы дамытуға бағытталған бірлескен шаралар қабылданып жатқандығын айтты. Сондай-ақ, аймақ үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту басым бағыттардың бірі болғандықтан Палатаның рөлін күшейтуге қолдау көрсететіндігін жеткізді.

28 қаңтар 2018 ж. 1 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031