» » Қостанайда бизнесті қолдауға 10 млрд теңге бөлінді

Қостанайда бизнесті қолдауға 10 млрд теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биыл Қостанай облысында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Арқалық қаласында өткен жиында облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Қостанай облысында бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары іске асып жатыр. Соның бірі - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. Аталған мембағдарламаны дамыту үшін биыл 5,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
«Кәсіпкерлікті қолдаудың қабылданған шаралары арқасында соңғы 4 жылда облыста шағын және орта бизнестің өнімі 50%-ға өсті. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін адамдардың саны 2014 жылы 138 мың болса, былтыр ол 152 мыңға дейін артты. Бұл көрсеткіш бойынша Қостанай облысы барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың ішінде 4-орында. Биылдың өзінде ШОБ қолдауға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
М.Мырзалиевтің айтуынша, ШОБ саласындағы нәтижелер, ең алдымен, облыстың оңтүстік өңірлері - Арқалық, Амангелді, Жангелді және Науырзым аудандарындағы кәсіпкерлікті дамытуға айрықша ықпал етуде.
«Қазіргі уақытта оңтүстік аудандардың кәсіпкерлерді мемлекеттк бағдарламаларды дұрыс пайдаланып келеді. 2018 жылы бизнесті дамыту бағдарламасы шеңберінде 239,2 млн теңге сомасында 75 шағын несие алынды. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын оңтүстік өңірлерге 6,7 млн теңге болатын 2 несие берді», - дейді облыс әкімінің орынбасары.
Жиында айтылғандай,туризм саласы кәсіпкерліктің дамуына үлкен серпін бере алады. Бүгінгі күні туризм облыстың оңтүстік аудандарының экономикасын дамытудың басты баламасы ретінде қарастырылады. Арқалық қаласымен Амангелді, Науырзым, Жанкелдин аудандарында мәдени-танымдық, экологиялық туризмді, әсіресе аңшылық пен балық аулауды дамытудың барлық алғышарттары бар.

inform.kz
18 қыркүйек 2018 ж. 922 1

JeaCold от 27 ақпан 2019 16:12
Cheap Prevacid viagra online prescription Fedex Provera Us Overnight Shipping C.O.D. Online Amoxicillin And Cat Eye Priligy Quanto Prima

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930