» » Қой өсіруді қолға алды

Қой өсіруді қолға алды

qarmaqshy-tany.kz ҚОЙ АСЫРАП ОНЫ КӨБЕЙТУ-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЕЖЕЛДЕН АТА КӘСІБІ. ОСЫДАН КЕЙІН "МАЛ ӨСІРСЕҢ - ҚОЙ ӨСІР, ӨНІМІ ОНЫҢ КӨЛ-КӨСІР" ДЕП БЕКЕР АЙТПАҒАН. ДЕГЕНМЕН ҚОРАСЫ ҚОЙСЫЗ БОЛМАҒАН ҚАЗАҚТЫҢ БҮГІНГІ СИПАТЫНДА ШОПАН АТА ТӨЛІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ШАТҚАЯҚТАП ТҰРҒАНЫ ЖАСЫРЫН ЕМЕС. ОСЫ КЕНЖЕЛЕП ҚАЛҒАН ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛҒА АЛЫП, ОНЫ КӨБЕЙТУДІ МАҚСАТ ЕТКЕН ІІІ ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ КӘСІПКЕР АНША РАШИТОВАНЫҢ БАСТАМАСЫ КӨПКЕ ҮЛГІ.

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экономикалық тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін одан әрі күшейту, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға басымдық беріп, он ұлттық жобаны бекіткен-ді. Соның бірі – кәсіпкерлікті дамыту. ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны, түрік ұлтының өкілі Анша Рашитова жақында «Ұлттық жоба» шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз несиені ұтып алып, кәсібін бастады. Ол бүгінде кенжелеп қалған қой шаруашылығын дамытуға бек кіріскен. Кәсіпкердің көптен бергі ізгі арманы – жоба аясында жұмыс жүргізіп, асыл тұқымды қой өсіру және малды өз төлі есебінен көбейту болатын. Сол арманына биыл қол жеткізді.
– Мал ұстау маған таңсық емес. Тұрмыс құрғанға дейін Алматыда малмен айналыстық. Әкем малдың әр түрінен ұстады. Ауылға келін болып түскеннен кейін жұмыссыз жүрдім. Кейін жолдасымыз екеуміз ақылдаса келе қой басын көбейтуді жоспарладық. Сөйтіп бизнес-жоспар құрдық. Жобамды қорғаған кезде комиссия мүшелері бұл бастамаға таңданып «Өзге ұлт өкілінен келіншек келіп қой өсіргім келеді дегені бізде бірінші рет болып отыр» деп жобамды бірауыздан мақұлдады. Жалпы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры біз секілді мал шаруашылығын дамытуды көздеген жандарға қолайлы жағдай жасауда, – дейді кәсіпкер.
Осылайша әуелгі қаржыға 36 бас қой алып, Жаңақорғаннан Гиссар, Еділбай секілді асыл тұқымды қойлармен толықтырыпты. Оны күтіп баптау өмірлік жары Ясиннің негізгі міндеті. Қазіргі таңда мал азығын дайындауда.
– Ауылдың негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Кезінде менің де әкем қой өсірген. Сондықтан қой бағу, мал өсіру біздің ата кәсібіміз десек болады. Кішкентайымнан малмен етене араласып өскен мен үшін бұл шаруа ешқандай қиындық туғызбайды. Сол үшін мемлекеттен жағдай жасалып тұрғанда мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауды ойлап, кәсіпті бастадық. Кез келген істі бастағанда бірден пайда әкелмейді. Сол сияқты мал өсіру де оңай шаруа емес, маңдай терді талап ететін адал кәсіп. Ала жаздай жайлауға айдау, қыста қорадағы қарбалас, мұның барлығы қажырлы еңбек пен төзімділікті талап етеді. Олардың жем-шөбін дайындаудың өзі үлкен мәселе, – дейді отағасы.
Қазақ «Қойың болмаса, байлықтан ойың болмасын» деген. Кәсіпкер Аншаның келешекте қой шаруашылығын үлкейту нық жоспары. Ал одан бөлек ірі қара мал ұстап, жылқы өсіру жолдасының арманы. Олар елді дамыту үшін кәсіпкерлерге мүмкіндік беріп отырған ел Президентіне, сонымен қатар жобаның іске асырылуына қолдау көрсеткен аудан, ауыл әкімдеріне айтар алғысы шексіз. Иә, өрісін қоймен көркейтіп, үлкен іске бет бұрған кәсіпкердің алар асуы алда. Мал баққанға бітеді. Ендеше қой өсіруді қолға алған жандардан күтеріміз көп.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
01 қараша 2022 ж. 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031