Конституция
» » Тігін цехы ашылды

Тігін цехы ашылды

qarmaqshy-tany.kz Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз қаржы алып, кәсіптерін бастады. Дауылкөл ауылдық округі бойынша "Ұлттық жоба" шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз қаржыны 1-4 лек аралығындағы конкурсқа қатысқан 21 азамат алған болатын.
Осы азаматтардың ішінде "Қой шаруашылығын дамыту", "МІҚ мал басын көбейту", «Тігін цехы», «Кондитер цехы» «Сән салоны», «Тауық өсіру» т.б жобалар бойынша байқауға қатысып жобаларын қорғап, қаражаттарын толық алды. Тігін цехын ашу жобасы бойынша жас кәсіпкер Қожақова Камила бүгін кәсібінің ашылу салтанатын жасады. Ауыл әкімі М.Алдамұратов кәсіпкерді қолдау мақсатында жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, алған грант қаражатын мақсатты игеріп, жаңадан кәсіп бастап жатқан азаматшаға сәттілік тіледі. Әйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Збайраева ашылу салтанатының лентасын қиды.Шараға ауыл әйелдер кеңесінің мүшелері, балабақша меңгерушілері, басқада грант жеңімпаздары қатысты.
Осы бағдарламаға өз үлестерін қосып, келешекте ауылымыздың игілігіне еңбек еткелі отырған грант жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!
18 қазан 2022 ж. 1 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031