Адал еңбек абыройға бөлейді
Кей адамның аңқылдаған көңілі анадайдан сезіледі. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де ақжарқын, көңілі ашық жанның бірі. Айман Әбдікәрімова 40 жылға жуық бір салада табан ауыстырмай еңбек етіп, бүгінде зейнеттік демалысқа шыққан. Жақында сала ардагерімен тілдесіп қайтқан едік.
Есігі айқара ашық тұр. Тілшілер болып апаның үйіне топ ете қалдық. Ал ол болса түскі астың қамына кірісіп, қазан-ошақтың басында жүр екен. Газеттен келген жөнімізді айтып едік. Бізге бірден төрін ұсынды. Қазанының астын басып қойды да, әңгімесін бастап кетті.
Жасы кішіге қаратыла айтылатын «көкебас» сөзін Қармақшыға келін боп түскеннен кейін білдім. Біраздан бері бұл сөзді естіп тұрғаным осы. Апаның ауық-ауық әлгі сөзді айтқаны жүрегімді жылытып сала берді. Сөзден құнды нәрсе бар ма? Жаныңызды жаралайтын, кейде емдеп те алатын сөздің қадірін кейде кетіріп аламыз-ау..
Айман апай қаржы саласында қырық жыл тер төгіпті. Орта мектепті бітірген соң Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеге шет тілі пәні мұғалімі мамандығына оқуға түскісі келеді. Өкіншке қарай бұл мақсаты орындалмай, ауылға оралады. Ол кездегі көзқарас бойынша мектепті бітірген соң не оқуға түсуің керек, не болмаса жұмыс істеуің тиіс. Кейіпкеріміздің оқуға түсуінің реті болмаған соң аудандағы қаржы бөліміне хатшы-машинист болып жұмысқа тұрады. Араға бір жыл салып, мекеме атынан Семейдегі қаржы техникумына оқуға түседі. Оқуды тәмамдаған соң қаржы бөліміне қайта келіп, 1991 жылға дейін экономист болып еңбек етеді. Қаржы бөлімінен бөлініп шыққан соң, жаңа бөлімде аға инспектор қызметін атқарады. Жұмыс істеген солбір шақтарын ол былайша еске алады.
– Ол кезде қазіргідей барлығы бір жүйеде тұрған жоқ. Төлем түрлерін бөлек-бөлек есептейміз. Барлығымен телефон арқылы байланысып жеке-жеке сөйлесетінбіз. Әдепкіде шот, машинкамен жұмыс жасадық. Кейін келе калькулятор шықты. Зейнеттік демалысымның алдында ғана компьютер келді. Оған да қолымыз тиіп аз уақыт жұмыс істедік. Ал қазір барлығы қолжетімді ғой. Біздің саланың жауапкершілік жүгі жоғары болды. Бюджетке төлем түсірумен айналыстық, – дейді ол.
Қай кезде де адамды адам ететін адал еңбектің құндылығы емес пе?! Оның саладағы еңбегі де еленіп, әр жылдары басшылық тараптан марапат алып отырады. Жақында мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 10 жыл толуына орай аудан әкімінің алғыс хатын алды.
Өмір үйретеді, еңбек ширатады деп жатады. Қаржымен жұмыс істейтін кей адамдардың үнемі есеппен жүретінін байқап жатамыз. Апамызға да бұл сұрақты қойғанда тосылып қалмады.

- Қанша есеп-қисаппен жұмыс істесек те тығырақтанып жүретін адам емеспін. Әр нәрсені тиын-тиынына дейін есептеп жүрмеймін. Барына қанағат қылатын жанмын. Ақ адал еңбегім өзіме бұйырсын деп ылғи айтып отырамын. Сол еңбектің арқасында болар 2017 жылы жаңадан үй салдық. Қазір осы үйде қыздарымның, немерелерімнің ортасында бақыттымын, Құдайға шүкір. Алла тек күш-қуаттан айырмасын, – дейді Айман Әбдікәрімова.
Ақнұр САҒЫНТАЙ