» » Болмысы дара Бақыткүл

Болмысы дара Бақыткүл

Кейде алдыңғы буын аға-апалардың ойлы, тағылымды әңгімесін сағынасың. Жақсы адам магнит секілді, айналасындағыны өзіне тартып тұратын сиқыры бар емес пе? Осындай жанмен сөйлескен аз ғана уақыттың өзі ішіңді жылытып ерекше күйге бөлейтіні бар. Бүгінгі біз әңгімелегелі отырған кейіпкердің жүзі жылы, жүрегі де сондай кең.
Ол бізді үйінен күліп қарсы алды. Риясыз, шын бейнесі де сондай. Қазақ жүзі жылыдан түңілме дейді. Бақыткүл апаның болмысы ерекше.
Б.Отарова ұзақ жылдар денсаулық сақтау саласында қызмет етіп, сол саладан зейнеткерлікке шыққан. Соғыс жылдарынан кейін өмірге келген соң, соғыс аяқталды енді бақытты ғұмыр кешейік деп атын да ырымдап Бақыткүл қойған.
Еңбек жолын 1968 жылы Калинин учаскесінде фельдшер болудан бастаған ол кейінірек аудандық ауруханада мейірбике болып еңбек ете бастайды. Одан соң емхананың физиотерапия бөлімінде аға мейірбике болып жұмыс істеді. Алғашқы еңбек еткен жылдарын былайша еске алады:
– Ол кезде мейірбикелер өте аз болатын. Қай бөлімшеде жұмыс шығады, сол жақта жүре беретінбіз. Перзентханада, балалар бөлімі, жұқпалы аурулар бөлімінде жұмыс істедім. Солбір кезеңдерде бәрін қолдан жасайтынбыз. Тіпті дәрі егетін инені 45 минут қайнатып аламыз. Системаны қолдан істейміз. 6 мезгіл дәрі егеміз. Ойлай беріңіз, әр мезгілдегі уколды манағы айтқандай 45 минут қайнатамыз. Уақыттың көбі сонымен кетеді. Жұмыс қауырт болатын. Ал бүгінде бәрі бар. Техника да дамыған, – дейді ол.
Жолдасы Қымдыбай Кенжебаев ұзақ жылдар жүргізуші болып қызмет еткен. Бертін келе тамағына ота жасатып, қазірде апа жұбайының жағдайын жасайды, мезгілімен дәрісін береді. Бір үйге бір дәрігер керек-ақ. Апаның бұл ісіні сүйсіне қарадық.
Бүгінде апа екеуі ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып, тамырын кеңге жайған шаңырақтың қатарында. Үлкен ұлы Серік Байқоңырда инженер болып қызмет етсе, зайыбы Гүлмира ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Қызы Айгүл Ақтөбе қаласындағы медициналық университетте білім алып, ауданда терапевт болып еңбек етті. Әңгіме арасында қызының бақилық болып кеткенін еске алып, апа көзіндегі жасты іркіп қалды. Ал қолындағы кенже ұлы Берік бүгінде көлік жүргізуші, жұбайы Жадыра №183 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнің мұғалімі. Кенже қызы Алма география пәнінің мұғалімі. Бүгінде Бақыткүл апаның 12 немересі, 2 шөбересі бар.
– Өзімді бақытты ана деп айта аламын. Аллаға шүкір, балаларым жақсы қызметте. Келіндерім де көргенді, текті жердің қыздары. Отбасының негізі – ауызбіршілікте. Келін енені сыйласа, ене келінді сыйласа бастысы осы ғой. Біздің үйдің келіндерінің татулығына көбі қызыға қарайды. Қолымдағы келінім Жадыра үй шаруасын, біздің бабымыз, бала мен жұмыстың бәрін үйіріп әкетіп отыр. Таңнан ерте тұрып сиырын да сауып үлгереді. Келіндеріме дән ризамын. Менің жолым болды, – дейді Бақыткүл апа.
Апаның ұзақ жылғы еңбегі де ақталып, кеудесіне "Еңбек ардагері" төсбелгісін тағынды. Байқап бақсақ, бұл әулеттің ұл-қыздары медицина саласы мен мұғалімдік мамандықты таңдаған екен.
– Балаларым медицина саласына барса екен деп армандайтынмын. Аллаға шүкір, арманым орындалды. Қазірде немерелерім де дәрігер болып қызмет істеп жүр, – дейді ол.
Халқымыз үйіне келген қонағын астан дәм татырмай жібермейді емес пе?! Қаймағы бұзылмаған қазақы қасиеттен ажырамаған Бақыткүл апа бізге ағарған астан дәм татқызып, ақ батасын беріп шығарып салды.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
09 қаңтар 2021 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031