» » 12 мамыр - Халықаралық Мейірбикелер күні

12 мамыр - Халықаралық Мейірбикелер күні

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 12 мамыр Халықаралық Мейірбикелер күніне орай салтанаты шара ұйымдастырды. 
Шарада құттықтау сөз сөйлеген басқарма басшысы Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, облыстың емдеу алдын алу ұйымдарында еңбек ететін 9295 орта буын қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады. 
Және салада атқарылып жатқан істерге тоқталды. Қазақстан Республикасында мейірбике ісін жетілдіру және дамыту мақсатында «ҚР Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілді. Осы іс-шараларға сәйкес, жеделдетілген режимде, практикалық денсаулық сақтау саласында 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар 81 студент «Мейіргер ісі» мамандығы қолданбалы бакалавр біліктілігін иемденді.
Облыстың денсаулық сақтау саласындағы тағы бір жаңалық - ЮНИСЕФ балаларды қорғау қорымен бірге, «Қызылорда облысының үш емханасындағы жүкті әйелдерге, нәрестелерге және 5 жасқа дейінгі балаларға патронаждық мейірбикелік қызмет көрсетудің етілдірілген әмбебап моделін жүзеге асыру» пилоттық жобасы. 
Бұл жоба бойынша қалалық №1, №6, Жаңақорған аудандық емханалары толықтай жұмыс жасауда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмек жөнінде Астанада өткен конференциясында, осы жобаның іске асырылуы бойынша облысымыздың жұмысы жоғары бағаланды. Қазіргі уақытта, жоба бойынша патронажды мейірбикелер саны-100-ге жетті. 
Қызылорда облысының орта буын қызметкерлерінің Ассоциациясы құрылып, Жарғысы мен Ережесі заңды түрде бекітілді. Ассоциация жұмысы – орта буын қызметкерлеріміздің құқығын қорғау, профессионалды мәртебесін биіктету, оқу-тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыруды жолға қояды. Ассоциацияға 7 мыңнан аса мейірбике мүшелікке енген. 
Басқарма басшысы сөз соңында, орта буын қызметкерлерінің игілікті еңбектеріңе, өз кәсіптеріне деген адалдықтарына, азаматтардың денсаулығы жолында аянбай жасап отырған қызметтері үшін - зор алғысын білдірді.
12 мамыр 2018 ж. 2 843 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930