» » Құрметті энергетик

Құрметті энергетик

«Еңбек – адамды абыройға бөлейді» деген ұлы ойшылдардың қағидасы қанша уақыт өтсе де өзінің маңызын жойған емес. Себебі, еңбек – мәңгілік құндылық, өмір сүрудің кепілі. Қарапайым еңбегімен күн сайын қоғам тынысына игілік дарытып жүретін, онысы әсте көзге түсіп, көпшілік көңіліне елене бермейтін мамандық иелері бар. Міне, осындай кәделі мамандықтың қадырын асырып жүрген жанның бірі, ұзақ жылдар бойы еткен еңбегінің жемісін көріп, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрген азамат – Бекболат Мәденов.
    Бекболат Әмитұлы саналы ғұмырының отыз жылға жуық уақытын энергетика саласына арнаған. Атаулы энергетик мамандық таңдаған жылдарын сағынышпен еске алады. Алғашқы еңбек жолын сонау сексенінші жылдары «ПМК-2» құрылыс мекемесінде бастаған ол, Шымкенттегі Энергетикалық техникумға сырттай оқуға тапсырады. Уақыт өте 1991 жылы аудандағы электр торабына жұмысқа орналасып, осы саланың тізгінін ұстайды. Еңбек жолын қарапайым электр бағаналарын құрудан бастаған ол, аға шебер деңгейіне дейін көтеріледі. 1998 жылы «Қармақшы жарығы» мекемесі құрылып, онда директордың орынбасары болып тағайындалады. Қажырлы еңбегінің арқасында биіктерден көрініп, ел ықыласына бөленеді. Осындай жоғары лауазымды абыроймен атқарып жүрген Бекболат Әмитұлы «бұл іске жүрек қалауымен келгенмін» дейді.
    Бүгінде ол аудан орталығындағы «Шиелі Жарығы» электрмен жабдықтау мекемесінде директордың орынбасары қызметінде. Жұмысқа адал әрі тиянақты болу – басты ұстанымы. Қарапайым әрі бауырмал. Кабинетіне кіргеннен жылы шырай танытып қарсы алуы – осыны байқатқандай..
    Бекболат Мәденов саладағы ұзақ жылғы еңбегінің жемісін көруде. Әр жылдары алғыс хатпен марапатталда. Өткен жылдың соңында Энергетиктер күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі орынбасары Қазақстанның «Құрметті энергетигі» төсбелгісін кеудесінеқондырды.
Кейіпкеріміздің ендігі арманы – қалған уақытта да жұмысын абыроймен атқарып, халықтың ризашылығына кенелу. Сондай-ақ құдай қосқан жары Мирамкүлмен бірге немере сүйіп, оның қызығын көру.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
11 ақпан 2020 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031