» » Жаңажолдық механизатор

Жаңажолдық механизатор

Асыл халқымызда «Ер еңбегімен озады, Еріншек езілумен тозады» деген мақал бар. Өз өміріне адал еңбекті, қара жұмысты серік еткен қаншама ақ жүректі тұлғалар жүр арамызда. Бірін білсек, бірін біле бермейміз. Өзінің ұрпағын маңдай тері арқылы адал аспен асырап, саналы тәрбие беріп жүрген жанның бірі – Төлеу Жабағиев.
Ол Дүр Оңғар ауылының тумасы. «Жаңажол» ЖШС-де ұзақ жылдар бойы механизатор болып қызмет етеді. Ол мектеп қабырғасын аяқтаған уақытта заман ағымымен аудан бойынша үндеу жарияланады. Онда түлектер 8 айлық курс оқып, еңбекке араласу қажеттігі айтылған. Сол үндеу бойынша Төлеу Жабағиев те механизатор мамандығы бойынша курсты аяқтайды. 1977-1979 жылдар аралығындағы Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді. Әскерден келгеннен бастап мамандығы бойынша еңбек етіп келеді. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарайтындықтан әріптестерінің арасында беделді, ортасында сыйлы.
Отбасында жары екеуі төрт перзент өсіріп, қазір бес немере сүйіп отырған ұлағатты әке, ардақты ата. Отыз жыл бұрын бір аяғынан айырылғанына қарамастан жанұясы үшін аянбай еңбек етуде. Бұл он екі мүшесі сау бола тұра жұмыс істемей жүргендерге үлгі болар өнеге. Перзенті Қанат Жабағиев те әке жолын жалғап, өзге қалада механизатор болып еңбек етуде.
Ауыл ішінде Төлеу ағаны «Қасымтай Ізтілеуовтің ізбасары» деп те атайды. Ол «Еңбек Ері» атағын алған қос аяғынан айырылған Ақжар ауылының атақты тракторшысы. Ауыл арасында сөзі өтімді, қолынан келсе көмегін аямайтын жанашыр жан. Алпысты алқымдағанына қарамастан қимылы ширақ, жүзі жылы. Өмірінің қырық жылындағы еселі еңбегі еленіп, биылғы «Алтын дән» мерекесінде І дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
– Біздің мамандықты бүгінгі жастар ұната бермейді. Десе де біз жастық шағымызда саяси ықпалдың әсерімен осы саланы игердік. Мен атақ-даңқ үшін емес, отбасым алдындағы жауапкершілігім үшін адал еңбек етіп келемін. Өзімнен кейінгіге үнемі «адал нәрсенің берекесі бар» деп айтып отырамын. Осы еңбегімді ескеріп мерекелерде түрлі алғыс хатпен марапаттап жатады. Сый ретінде талай кілемді қанжығамызға байладық. Осылай ел үшін жасаған еңбегіміздің ескеріліп жатқанына қуаныштымын – дейді озат еңбеккер.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
23 қазан 2019 ж. 1 656 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031