» » Көлік тізгіндеген Темір

Көлік тізгіндеген Темір

«Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі ең жасы үлкен, тәжірибесі мол, техниканың тілін білетін жүргізушінің бірі – Темір Алтынбайұлы. Жүргізушілік мамандықты бала жастан меңгеріп, көлік тізгіндеген ол – жасы алпысқа таяса да қажымай еңбек етуде. 1983 жылы шаруашылық басшысы Н.Ермановтың жүргізушісі болып еңбек жолын бастаса, Н.Салықов, А.Мереков, С.Жолмаханов, С.Талқанбаевтардың да жүргізушісі болып адал еңбек еткен. Қай басшының болсын көңілінен шығып, талабынан табыла білді. Темір Дүзеновтың ­­ерекшелігі - өзінің әрбір ісіне аса жауапкершілікпен қарауында. Жаспен де, кәрімен де ортақ тіл табыса білетін ақжарқын, көпшіл. Отбасында зайыбымен бірге ұл мен қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке. Ұрпағын әрдайым еңбекке баулуда. Қазіргі таңда серіктестікте Мырзабек Смағұлов басқаратын №3 егіс бригадасының жүргізушісі. Таң бозарып атқаннан кеш батқанша еңбеккерлерді алқапқа уақытында жеткізуге септігін тигізуде.
14 қазан 2019 ж. 1 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 813
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 509

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930