» » ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН БИБІГҮЛ

ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН БИБІГҮЛ

Қазір әйелдер үшін көлік жүргізу таңсық емес. Қала көшелерінде, тіпті ауыл­да шетел көлігіне отырған қыз-келіншекті көріп жүрміз. Ал ауыр тракторды тізгіндеген арулар жайлы естуіңіз бар ма? Қазір, тіпті көрмейміз. Мұндай техникаға нәзікжандының енді қызығуы екіталай. Осындай темір көліктің тілін тауып, трактор тізгіндеген бүгінгі кейіпкеріміз – Бибігүл Әбуова. Ол он сегіз жасында дала жұмысына ерте араласып, жүгері бригадасында қызмет атқарған. Бала кезден техникаға бейім өскен бойжеткен 1982 жылы ең алғаш ДТ-75 шынжыр табанды темір тұлпарға отырады.
– Әлі есімде, жұмысқа кіріспес бұрын кеңседе жиналыс болды. Мені де сол жиналысқа арнайы шақырды. Ойымда ештеңе жоқ. Маған ұстаздық етіп жүрген механизатор ағаларымның бірі Төлеш Оспанов деген кісі. Жиналыста«сен механизатор бол» деп ДТ-75 тракторының кілтін табыстады. Міне, содан бастап ауыр көлікті жаныма серік ете бастадым, – деді тракторшы Бибігүл.
Осылайша темір тұлпарымен жүгері алқабына шыққан бойжеткен өзіне жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, алдыңғы қатардан көріне бастайды. «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген қағиданы ұстанған ол даланың жұмысына шын ықыласымен кіріседі. Уақыт өте келе 1986 жылдың күзінде үздік жүргізушілер қатарынан көрінгені үшін арнайы МТЗ-80 тракторы беріледі. Осыдан кейін жүгері тасып қана қоймай, әр түрлі жұмысқа араласып, қырманға күріш жеткізіп, ауылға пішен де тасиды.
Еңбегі еленген бойжеткен депутат та болды. Кеңес уақытында үздіктердің қатарынан көрінді. Ауыр техниканы емес, ауыр жұмысты да қоса атқарғаны үшін Құрмет орденімен марапатталды. Бір қызығы өмірлік серігі Дүйсенбай Оспановпен егіс алқабында танысқан. Бүгінде ол төрт ұлдың анасы. Ұлдарынан немере сүйіп отырғанын да жеткізді.
Кейіпкеріміз трактор жүргізуді әлі күнге ұмытпаған. Он бес жыл бойы ауыр техниканы тізгіндеген ол тракторын сағынатынын айтады.
– Соңғы рет темір көлікті 1994 жылы айдадым. Тұрмысқа шыққаннан соң бала күтіміне байланысты жұмысты қойдым. Әрі қарай отбасыма, балаларыма көңіл бөлдім. Мені кешегі күнге дейін егіс басына трактор айдауға шақырғандар да болды, бірақ жас келгесін болмайды екен, – деді Бибігүл апамыз.
Түйін
Нәзікжандылар үшін механизатор болу үл­кен ерік-жігер мен намысты талап етері сөзсіз. Бүгінде өскелең ұрпақтың бойына рух сыйлайтын осындай кейіпкерлерді әңгімемізге арқау етіп отырсақ тәлім-тәрбиемен қатар еңбектің де еленгені емес пе?
  Ерсін СӘДУҰЛЫ
11 шілде 2019 ж. 1 285 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 133

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930