» » АҢСАҒАННЫҢ «АҢСАҒАН» КӘСІБІ

АҢСАҒАННЫҢ «АҢСАҒАН» КӘСІБІ

Қыс. Үскірік аяздан ептеп демалу мүмкін емес. Қатты «қысым сумен» жеңіл көлік жуған нәзік жандының ойын әлдекімнің дауысы бөліп жіберді. Бұл аз уақытта тиімді қызмет көрсеткен бойжеткеннің жұмысына алғысын білдіріп жатқан жұртшылық еді. Еңбегі еленгенде сақыр-сұқыр сырқыраған саусағы, аяздан тоңған аяғы да әп сәтте ұмытылатын. Иә, тұтынушының айтқан «рахметі» оны тек алға жетеледі.
Қысы-жазы үздіксіз көлік, кілем жу­ып, нәпақа тауып жүрген бойжеткен – Аң­саған Оразбекқызы. Жас кәсіпкер мектеп қа­бырғасынан соң аграрлы-техникалық кол­лед­жде білім алады. ЭЕМ операторы маман­ды­ғын алған соң спорт қуып Нұр-Сұлтандағы бі­лім ошағының біріне оқуға түседі. Мұндағы екі жылдық білімінен соң ауылға қайта оралады.
– Туған жерге келгенде ең бірінші ойымда «тіршілік ету керек» деген сөз жаңғырып тұрды. «Жасыңда еңбек етсең, қартайғанда соның жемісін көресің» дейді ғой. Барлығы да оңай бас­тала қоймады.  Жобаға қатысып, несие алмадым. Қолдағы бар қаражатпен алғаш осы кәсіпті қолға алдым. «Мойка» – «Достық» автостансасының жанында орналасқан. Осы жерді жалға алып, көлік, кілем жуып келе жатқаныма да бір жылға жуықтапты. Енді ға­на тәй-тәй басқан кәсіпке осы жердің иесі Бақтияр Ешмұратов демеу болды, – дейді ол.
Қыз – қашан да нәзік жаратылған. Елес­тетіп көріңізші, сол нәзікжандының қысымы қатты, ауыр аппаратты ұстап жеңіл көлік жуғанын. Бұл қаншалықты ауыр? Әрине, ең бас­тысы болашақ ананың денсаулығына ке­рағар.
– Қыстыгүні салқын сумен де жуа­тын кездер болады. Суды пешке жылытып барып жумасаң, салқыннан сай-сүйегің сырқырайды. Бұл ауыр жұмысқа да үйреніседі екенсің. Көліктер қондырғымен жуылса, кілемді қолмен жуамыз, – дейді Аңсаған. Жас кәсіпкер бізбен әңгімесінде қандай қиын күндерді басынан өткергенін де бүгіп қалмады. Әңгімеге тез-ақ ене кететін бойжеткеннің алға қойған мақсаты көп.
– Қиын сәттер... Әрине, онсыз болмайды ғой. Отбасымды асырау, қатарымнан қал­мау үшін еңбектеніп келемін. Алда тұрған бөгет  қаншалықты көп болса, алға қойған ұмтылысым да соншалықты мықты болды. Мойымадым. Қазір бірте-бірте аяққа тұрып келеміз. Сол армандарымның арқасында ешбір қиыншылық білінбеді, – дейді Аңсаған Камалова күлімсірей.
Қолы жұмыстан қалт етсе мұқтаж от­басыға көмек көрсету – арудың дәстүрлі үр­дісіне айналған. Әлеуметтік осал топтағы жандардың, көпбалалы ананың кілемдерін тегін жуып береді. Сәті түссе азықтай көмек көрсетеді. Кәсібінен береке тауып жүрген бойжеткеннің мұнымен шектеліп қалғысы жоқ. Алдымен жұмысқа керек құрал-жаб­дығын түгендеп алса, содан соң өзінің жеке көлік жуу орталығын ашар үміті бар.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
28 мамыр 2019 ж. 1 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031