» » ІЗІМНЕН ЕРГЕН ҚҰБЫЖЫҚ

ІЗІМНЕН ЕРГЕН ҚҰБЫЖЫҚ

Әлі есімде. Мектеп оқушысымын. Қытымыр қыс. Түстен кейін оқыған соң сабақтан қайтарда түн батып кетеді. Күнделікті шанасымен алып қайтатын ағам келмеді. Мектеп алдында күтіп тоңған соң жаяулата жүруіме тура келді. Қалың қардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Бетіме соққан аязды бораннан көзімді аша алмай келемін. Әр адымымды басқан сайын артқы жақтан қырт-қырт деген дыбыс естіледі. Құдды мені аңдып келе жатқандай. Тоқтасам дыбыс та тоқтап қалады. Қатты жүрсем қардың шықырлаған дауысы қаттырақ шығады. Жүгірсем ол да жүгіреді. Артыма қарайлауға «дух» та жоқ. Әрең жүріп келемін. Тас қараңғы. Белді бекем буып, бұрылып қарадым. Менен тура 10-15 метр әріде қап-қара сұлба тұр. Басқа ештеңе көрінбейді. «Кімсің?» деп айқайлап қоям өзімше. Артқа қадам жасасам ол жақындайды. Үн жоқ. Тек аяздан демалғандағы буы шығады. Ырс-ырс еткен дауысы естіледі. Бұл кездегі уақыт бір күнге созылғандай өтпей қойды. Төбемнен мұздай су құйғандай күйдемін. Аяқ істемей қалған. Қозғалуға шама жоқ. Ол маған мен оған қарап тұрмыз. Санада «енді не болады, бұл кім?» деген сауалдар сарнап тұр... Бір кезде атымды атаған ағамның қоңыр дауысы естілді. Шанасын алып алдымнан шықты. «Аға, ананы қараш» деп артыма бұрылсам ешкім жоқ. Ауаға ұшып кеткендей. Осы бір қорқынышты оқиға әлі есімнен кетер емес. Сіз қалай ойлайсыз, бұл кім болды екен? Әлде «не» дейміз бе? Құбыжық па? Көлеңке ма? Жын ба? Әлде психикасы ауытқыған адам ба?

Айнұр ӘЛИ.
25 қаңтар 2019 ж. 1 964 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031