КӨЛЕҢКЕ

Біз білмейтін, жауапсыз қалған сауалдар... Тылсымға толы айнала. Адамның санасы әртүрлі қалыптасқандықтан жан-жақты ойлайды. Бірі тылсым күшке сенсе, енді бірі мүлдем сенгісі жоқ. Жазғалы отырған әңгіменің төркіні - тылсым күш жайында болмақ. Мұны тылсым деуге бола ма, әлде... Жарайды, ол сіздің еншіңізде қадірлі оқырман.

Бұл оқиға бала күнімде болған еді. Ол кезде мен небәрі 12 жастамын. Ауылды білесіздер, жарық тек уақытпен жанатын-ды. Білте шамның жарығымен отыратын күндер көп болатын. Қош. Жаздыгүні барша туыс бауырларым қонаққа келді. Самал желдің астында, сәкінің үстінде әңгіме құрып отырғанбыз. «Үйдің кішісі болғаннан, иттің күшігі бол» деп бекер айтпаған ғой... Үлкен әпкем үйге сол кездің «кірпіш нокиясын» әкелуімді өтінді. Ал, үйде жарық жоқ. Тек ортаңғы бөлмеде майшам әлсін-әлсін жанып  тұр. Ойымда ештеңе жоқ жүгіріп кіре бергенім сол еді, оң жақ бөлмеден қара силуэт атып шықты да екеуіміз соқтығысып қалдық. Соққыдан жерге сылқия құлап түстім. Белгісіз ол үстімнен аттап өтіп кетті...
Есімді әрең жидым. Түрін елестетейін десем, беті жоқ секілді. Тек қап-қара сұлба. Көлеңке десе де болады. Бір ойым ұры ма деп қоям. Ал егер солай болса, оны менен өзгелері де көрер еді ғой. Бұл сұраққа жауапты әлі күнге дейін таба алмай келемін. Сіз қалай ойлайсыз? Майшамның жарығынан тек қара көлеңке боп көрінген кім болды екен? Әлде «не» болды екен дейміз бе?
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
31 шілде 2018 ж. 4 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 154

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 291

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930