» » Ыдысты сындырған кім?

Ыдысты сындырған кім?

Ол кезде студентпін. Қыздар болып пәтер жалдап тұрдық. Ол кезде бір үйден екінші үйге көшіп жүрміз. Солай бір пәтерге тоқталдық. Орталықтан, екі бөлмелі болса да, бағасы арзан.  Онысына онша-мұнша мән бере қоймадық. Тек жататын жер болса болғаны еді.Пәтердегі алғашқы түн. Сағат 03.00 шамасы. Қатты дүрсілден шошып ояндым. Қарасам терезеден түскен ай жарығынан бірдеңенің силэуеті көрінеді. Қасымдағы қыздардың бірі деп қам-қарекетсіз ұйқыға қайта көштім. Жоқ, дүрсіл тоқтар емес. Көзімді ашып қайта қараймын. Манағы сұлба мелшиіп тұрып қалған. Қозғалмайды. Қасымдағыларды түгендесем, бәрі орнында, ұйықтап жатыр. Бұл не болды екен деп орнымнан тұрып, жаңағы көлеңкеге қарай беттедім. Мен жақындаған сайын ол алыстайды. Мен артқа шегінсем, ол жақындайды. Әйтеуір, солай асханаға да кірдім. Ешкім көрінбейді. Тек үнсіздік. Айнала мұп-мұздай.
 
Десе де, мұндай жағдайдың орын алуы бірінші рет емес еді. Бала күнімнен-ақ тылсым дүниенің барына кәміл сенетінмін. Мұндай оқиға біршама рет қайталанған. Әсіресе, жаңа пәтерге ауысқан сайын орын алатын-ды.

Оң қапталымнан әлдененің демалған дауысы естілді. Айқайлап бөлмеге қарай қаштым. Орныма барып көрпе астына бүркеніп жатып алдым. Бір кезде асханадан қатты тарсыл естілді. Ұйқыдағы арулар дауыстан оянып, барлығымыз сол жаққа қарай жүгірдік. Барсақ айналаны қопарып тастаған. Ыдыс-аяқтар жан-жақта шашылып жатыр. Сол түнді таңға дейін көз ілмей өткіздік. Ертеңіне-ақ, әлгі пәтерді босатып, басқа үйге көштік. Бірақ, әлі күнге дейін осы оқиға жадымыздан өшпек емес. Сондағысы, «ыдыстарды сындырған кім екен?» деген сауалға жауап таппай әлекпіз...

Айнұр ӘЛИ.






18 қыркүйек 2018 ж. 2 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031