» » ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН БИБІГҮЛ

ТРАКТОР ТІЗГІНДЕГЕН БИБІГҮЛ

      Қазір әйелдер үшін көлік жүргізу таңсық емес. Қала көшелерінде, тіпті ауылда шетел көлігіне отырған қыз-келіншекті көріп жүрміз. Ал ауыр тракторды тізгіндеген арулар жайлы естуіңіз бар ма? Қазір, тіпті көрмейміз. Мұндай ауыр техникаға нәзікжандының енді қызығуы екі талай. Осындай темір көліктің тілін тауып, трактор тізгіндеген бүгінгі кейіпкеріміз – Бибігүл Әбуова. Ол он сегіз жасында дала жұмысына ерте араласып, жүгері бригадасында қызмет атқарған. Бала кезден техникаға бейім өскен бойжеткен 1982 жылы ең алғаш ДТ-75 шынжыр табанды темір тұлпарға отырады.
     – Әлі есімде, жұмысқа кіріспес бұрын кеңседе жиналыс болды. Мені де сол жиналысқа арнайы шақырды. Ойымда ештеңе жоқ. Маған ұстаздық етіп жүрген механизатор ағаларымның бірі Төлеш Оспанов деген кісі. Жиналыста  «сен механизатор бол» деп ДТ-75 тракторының кілтін табыстады. Міне, содан бастап ауыр көлікті жаныма серік ете бастадым, – деді тракторшы Бибігүл.
     Осылайша темір тұлпары мен жүгері бригадасында қызметін бастаған бойжеткен өзіне жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, алдыңғы қатардан көріне бастайды. «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген қағиданы ұстанған ол даланың жұмысына шын ықыласымен кіріседі. Уақыт өте келе 1986 жылдың күзінде үздік жүргізушілер қатарынан көрінгені үшін арнайы МТЗ-80 тракторы беріледі. Осыдан кейін жүгері тасып қана қоймай, әр түрлі жұмысқа араласып, қырманға күріш жеткізіп, ауылға пішенде тасиды.
    Еңбегі еленген бойжеткен депутат та болды. Кеңес уақытында үздіктердің қатарынан көрінді. Ауыр техниканы емес, ауыр жұмысты да қоса атқарғаны үшін Құрмет орденімен марапатталды. Бір қызығы өмірлік серігі Дүйсенбай Оспановпен егіс алқабында танысқан. Бүгінде ол төрт ұлдың анасы. Ұлдарынан немере сүйіп отырғанында жеткізді.
     Кейіпкеріміз трактор жүргізуді әлі күнге ұмытпаған. Он бес жыл бойы ауыр техниканы тізгіндеген ол тракторын сағынатынын айтады.
     – Соңғы рет темір көлікті 1994 жылы айдадым. Тұрмысқа шыққан соң бала күтіміне байланысты жұмысты қойдым. Әрі қарай отбасыма, балаларыма көңіл бөлдім. Мені кешегі күнге дейін егіс басына трактор айдауға шақырғандар да болды, бірақ жас келгесін болмайды екен, – деді Бибігүл апамыз.

ТҮЙІН
     Нәзік жандылар үшін механизатор болу үлкен ерік-жігер мен намысты талап етері сөзсіз. Бүгінде өскелең ұрпақтың бойына рух сыйлайтын осындай кейіпкерлерді әңгімемізге арқау етіп отырсақ тәлім-тәрбиемен қатар еңбектің де еленгені емес пе? 

                                                                                               
                                                                                                                            Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 шілде 2019 ж. 1 323 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031