» » Қармақшылық диқандар соя өсірмек

Қармақшылық диқандар соя өсірмек

Бұршақ тұқымдас дақыл суды көп қажет етпейді. Қазір «Тұрмағамбет» шаруа қожалығында егістік алқапты дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
Соя егуге дайындықты шаруашылық өткен жылы бастады. Агрономдар Алматыға барып, дақылды қалай өсірілетінін көріп келді. «Атлантик» және «Жансая» деп аталатын екі сортын ала келді. Биыл 20 гектар жерге егуді жоспарлап отыр. Мамандар дақылдың бұл түріне нарықта сұраныс жоғары дейді. Ас-ауқатқа, сабын жасауға және тоқыма мен медицина саласында кәдеге жаратуға болады. Мал азығын құнарландыру үшін де таптырмайтын дақыл.
Ғабит Тұңғышбаев – «Тұрмағамбет» ШҚ бас агрономы
Бұл әртараптандыру аясында қолға алынған тың бастама. Жалпы, осы шаруашылық күріш егуден облыстағы озаттар қатарында. Өткен жылы әр гектардан 60 центнерден өнім алды. Дегенмен, судың тапшылығына байланысты биыл егістік көлемін 2700 гектарға азайтып отыр. Есесіне, жоңышқаны 500, бидайды 100 гектарға көбейітті. Жерден ырзық-несібесін терген қауым үшін қазір нағыз қауырт шақ. Техника тізгіндеген механизатор Жандос Әбдиев даланы дүбірлетіп танапта жүр. Жерді дұрыс баптап, құнарландырғанда ғана еңбегіңнің жемісін көресің дейді.
Жандос Әбдиев – механизатор
Шаруашылық егістікпен қатар мал өсіреді. 200-дің үстінде ірі қара бар. Биыл ауылдан сүт өнімдерін өңдейтін зауыт салмақ. Қажетті құрылғыларды Ресейден алады. Құрылыс жұмыстары жақын күндері басталмақ.
Тәжімұрат Әлжанов
12 сәуір 2019 ж. 1 661 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031