Мейірім сәулесі
Қармақшы таңы. Ауданда игі істің басы-қасында жүрген мейірімді жандар аз емес. Бар еңбегін көмек пен қызметке арнағандар күнделікті өмірде жақсылық жасаудан жалықпайды. Сондай жанның бірі − Бақыткүл Райымбаева.

− Балалар өз қолымен көкөніс, жеміс-жидектен аппликация жасады. Шарада ән айтылып, дарынды балалар жыр жолдарын оқыды. Ертеңгілікке арнайы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрайымы, мәслихат депутаты Күлжауһар Раева, «Ұрпақтан-ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Үрзахия Махамбетова қатысып, шәкірттерімді жетістіктері үшін марапаттады. Бірлестік мүшелерінің шығармашылығын дамыту, қолдау көрсету мақсатында өткен мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шабытын шыңдады, − дейді Бақыткүл Райымбаева.
Мұндай басқосулар қоғамдық бірлестікте жиі өтіп тұрады. Балалар арасында өткен кезекті шарада қолөнер туындыларын, яғни жеміс-жидектерден түрлі шеберліктерін жасап көрсеткен.
Біздің қоғам пейілі кең, жүрегі жылы адамдарға кемде емес. Соның бір парасы − өзіміздің өңірде де көрініс табуда. Мейірім сәулесі түскен жер әрқашан гүлдеп, көркейе бермек.
Аслан Жайқонысұлы