» » Үміт сыйлаған мекен

Үміт сыйлаған мекен

Егемен еліміз өркениет биігіне өрлеп, экономикамыз нығайған сайын халықтың әл-ауқаты жақсара түсуде. Қоғамда аз қамтамасыз етілген топтарға жан-жақты қамқорлық жасауды ең өзекті мәселе ретінде қарап, жылдар бедерінде игі істер жалғасын тауып келеді. Қармақшы елі қашаннан игі дәстүрдің қонысы болған құтты мекен. Жабырқаған жанның қасынан табылып, оларға жақсылық жасау, қамқорлық көрсету қармақшылықтардың қанына сіңген қасиет.
Жақында аудан орталығында «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Оған ата-аналар мен осы қоғамдық бірлестікке демеушілік еткендер жандар қонақ болып қатысып, ғимараттың ашылуына куә болды. Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев өзінің жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, лентасын қиды.

– Бұл орталық ерекше жағдайда өмір сүріп жатқан балаларымыздың бәсекеге қабілетті тұлға болып шығуына, еліміздің ертеңгі болашағы болып саналатын ұрпақты тәрбиелеуде үлкен қызмет атқармақ. Бұл бір ғана бастамасы, алдағы уақытта бұл орталықтың іші техника және білікті маманмен толығып жақсы жұмыс көрсетеді деген сенімдеміз, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Ғимараттың іші балалардың қолдан жасаған туындыларымен жабдықталған. Қараған адамның көз жауын алады. Көрмелерді таныстырған бірлестіктің төрайымы Бақыткүл Райымбаева мұндай қолдан жасалған туынды сұранысқа ие екенін айтты. Ендігі бар арманы осы ашылған ғимаратқа балалар бір мезгіл келіп демалып, бойындағы талантын әрі қарай шыңдаса дейді – ол.

Келген қонақтар Бақыткүл апамыздың алғысы ретінде жайылған дастарқанынан дәм татты. Көптен күткен ғимараттың ашылуына көмек бергендерге ризалығын білдіріп, сый-сияпат жасады. Қол жайып үлкен қариялардың ақ батасын алды.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
30 тамыз 2019 ж. 628 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031