» » КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

Бүгін партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық партия филиалында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау күні болып өтті. Аталған шараны төрағаның бірінші орынбасары Дастан Әбдібекұлы ашып, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру сапасын көтеруге көмек көрсету, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың проблемаларын шешу үшін мемлекеттік органдарды, азаматтық қоғамды, бизнесті жұмылдыру, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне …жұртшылықты тарту, қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өмірге тарту туралы жобаның мақсат міндеттерімен таныстырды. Қабылдау барысында болған Жосалы кентінің тұрғындары, мүмкіндігі шектеулі отбасы балаларына Амбулаториялық емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық емханасының демеушілігімен екі отбасыға азық-түліктей көмек көрсетілді.Партияның назарынан тыс қалмайтын азаматтар алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.
01 тамыз 2018 ж. 1 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 944
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 582

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930