» » Әлеуметтік көмек алушылар азайып келеді

Әлеуметтік көмек алушылар азайып келеді

 Қызылорда облысында аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралардың нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 330 адамға азайса, атаулы әлеуметтік көмек алушылар есебіндегі жұмысқа жарамдылардың үлесі 2,3 пайызға төмендеді.

Әлеуметтік қорғау шаралары аясында 69 525 аз қамтылған азаматқа 1 645,3 млн теңгеге балалар жәрдемақысы және әлеуметтік көмек төленді.
Облыста мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес ұйымдар саны артып келеді. Бүгінде 5 үкіметтік емес ұйым 200 мүгедек баланы арнайы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етуде.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру Тұжырымдамасына сәйкес 2018 жылдан бастап үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын балаларды мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес секторда күндіз болу бөлімшелеріне кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігі мен облыс прокуратурасы бірлесіп бекіткен «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық» жобасына сәйкес облыс деңгейінде мүгедектерге арналған мемлекеттік бағдарламалар, жұмыс квоталары, оңалту шаралары, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік көмектер туралы қажетті мәліметтерді қамтитын дербес және қолжетімді «Кедергісіз келешек» сайты ашылып, қолданысқа енгізілді.

13 ақпан 2018 ж. 1 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031