» » Астанада мүмкіндігі шектеулі баланы алып жүрушіні жолақы төлеуден босату ұсынылды

Астанада мүмкіндігі шектеулі баланы алып жүрушіні жолақы төлеуден босату ұсынылды

Астана әкімдігінде мүмкіндігі шектеулі баланы алып жүрушіге де жеңілдік беретін жолақысын ұсынды.
Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ұсыныс қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында айтылды. Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов қоғамдық көлікте мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүрушіні де жолақысын төлеуден босатуды ұсынды.
«Астана мәслихатының тұрақты комиссиясының қаулысына сәйкес, Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының әлеуметтік-мәдени даму мәселесі бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүретін адамдарға да жеңілдік жасайтын жолақы ұсыну мүмкіндігін зерттеуді ұсынды. Осыған байланысты, баланың ата-анасының біреуіне тегін жол жүру құқығын беру қарастырылуда», – деп мәлімдеді Артем Әбілдинов.
Қоғамдық кеңестің қатысушылары жобаны бірауыздан қолдап, мақұлдады.
Естеріңізге сала кетейік, арнаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматының енгізілуіне байланысты, алынып тасталған арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды алатын көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар да осы тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі.
06 ақпан 2018 ж. 1 183 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728