» » «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

       Кеше аудан әкімдігінде қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанатты шарасы өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы арнайы қатысып «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттарына дипломдар табыстады.
- Қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. 
Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел азаматтары әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандардың үнемі жанынан табылып жүретіні ақиқат. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған, ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, тұрмысы төмен отбасыларын, жетім-жесірді, талантты балаларды қолдап келеді- деп атап өтті аудан басышысының орынбасары Еркебұлан Қайырбекұлы.
«Жомарт жүрек» сыйлығы 5 номинация бойынша табысталды.
Оның алғашқысы «Туған өлке» номинациясымен  Мұрат Абайұлы Сарсенбаев- «Абай Дәулет» ЖШС, «Достық жер МК» ЖШС директоры, 
«Жыл меценаты» номинациясымен жеке кәсіпкер  Рабиға Жайбергенқызы Балғабаева, «Жыл тұлғасы» номинациясымен  Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, «Дәметкен» жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысы,  Зарқұм Сартайұлы Бекжанов, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі марапатталады. «Аңсаған» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  Бақыткүл КартайқызыРайымбаева.
«Ерен еріктілік» номинациясымен №27 орта мектептің қызметкері Бахыт Басқынбайұлы Қайырбеков марапатталады.
04 тамыз 2019 ж. 1 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 409
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728