» » Өнегелі өмір, мейірім мезіреті

Өнегелі өмір, мейірім мезіреті

Қазақ халқы қашаннан жабыққанға демеу, тарыққанға тіреу болған, ізгілік пен мейірімділікті айырықша құрмет тұтқан, тіпті қиналғанға жол көрсетіп, жомарттық танытқан ұлт. Міне, бүгінде сол ата-баба дәстүрін жалғастырып жүрген жұмарт жандар арамызда аз емес.
Жақында аудан әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында бүгінде ата жолын жалғастырып, қайырымдылық көмек көрсетіп жүрген жаны жайсаң азаматтарды ұлықтау мақсатында «Жомарт жүрек» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.Салтанатты шарада аудан әкімі Сұлтан Мақашов құттықтады.
– Қайырымдылық – адам баласы бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Міне, сол адами қасиеттердің қадірлісі қайырымдылық болса, оны жасау арқылы қамқорлыққа зәру жандардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын, жүрек жылуын ұсынып, сауабы мол іске қолынан келгенше көмектесіп, азаматтық үлесін қосу кімнің де болса парызы екені рас. Әрине, қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж және көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттықтің белгісі және ондай іс тек жүрегі ізгілікке толы жандардың қолынан келетіні анық, қашанда алған қолдан, берген қол қайырлы. Сондықтан да, жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі ел азамааттары әлеуметтік жағдайы төмен жандардың үнемі жанынан табылатыны ақиқат, – деді.
Салтанатты шарада аудан әкімі жоба аясында өзінің игі істерімен ел құрметіне бөленген бір топ азаматқа «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстады. Оның ішінде, елді мекендерді абаттандыру және демалыс орындары мен балалар ойын алаңдарын қайта жаңғыртып, сонымен бірге денсаулық, білім, спорт пен өнер салаларын дамытуға 28 млн. теңге демеушілік көмек көрсеткені үшін «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Іздібаевқа «Туған өлке» номианциясын, туып-өскен Тұрмағамбет ауылында түрлі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көп балалы, тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, сонымен бірге мүгедектер мен еңбек және соғыс ардагерлеріне 1 млн. 500 мың теңге көлемінде демеушілік көрсеткені үшін «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Нұржан Пірмантаевқа «Жыл меценаты» номинациясын тапсырды. Сонымен қатар, түрлі бағытта 430 мың теңге қайрымдылық қызмет көрсеткені үшін аудандық мәслихат депутаты, дәрігер Алмасбек Қаржаубаевқа «Жыл тұлғасы» номинациясын, әлеуметтік және қайырымдылық жобалар мен түрлі бағыттағы акцияларды жүзеге асырған, кент орталығындағы 7 сауда-саттық орталығында қайырымдылық сөресін үйлестіріп, жыл басынан бері 250 тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыға демеушілік көмегін, қасиетті Рамазан айында 1160 адамға ауызашар ұйымдастырғаны үшін «Қармақшы ата» мешітінің бас имамы Асхат Жарқынбековке «Жылдың үздік ұйымы» номинациясын тапсырса, 2016 жылдан бері аудан орталығынан «Әлеуметтік мейірім орталығын ашып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға киім-кешек пен күнделікті тұтыну заттарын үйлестіруде волонтерлік қызмет атқарған Пернеш Өтеповаға «Ерен еріктілік» номанциясын тапсырды.
– Қазақ халқы қай кезде де жетімі мен жесірін желеп-жебеп, қолдан келгенше оларға демеушілік көрсетіп отырған. Міне, аталардан қалған аманатты одан әрі жалғастыру ұрпақтарына, яғни біздердің үлесімізге тиді. Ақтөбе ауылында да тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар бар. Десе де, олардың да өмір ағымымен өмір сүріп, бақытты ғұмыр кешулеріне аз да болса да септік тигізу «Ақтөбе и К» серіктестігі ұжымының парызы деп ойлаймын. Ауылда әрқашан қуаныштың тойы болуына тілектеспін. Лайым сондай күндер көп болсын! – деді Нұрлан Іздібаев.
– Бүгінгі көрсетіліп жатқан құрмет тек маған ғана емес, аудандағы барлық жомарт жүректі жандарға көрсетіліп жатқан құрмет деп білемін. Әрине, өзіңде барды өзгемен бөлісу ата-бабаымздан келе жатқан дәстүр. «Айналайындарым өздеріңде барды ағайын-туысы, тұрмысы төмен, әсіресе жетім-жесірлермен бөліссең Құдай сені әрдайым өз назарында ұстайды. Аллаға жағам десең, алдымен адамға, жаңағы мен айтқан жандарға жақ», – деп айтып отырушы еді жарықтық анам. Міне, ата-ана аманаты мен үшін міндет. Мұны әрдайым балаларыма да айтып келемін, – деді Алмасбек Қаржаубаев.
Салтанатты шарада «Жомарт жүрек» сыйлығы лауриаттары үшін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Руслан Байғараев, Ғалымжан Шәкизада және Рашид Әбенов ән мен жырдан шашу шашты.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
28 шілде 2018 ж. 1 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031