Құрылтай
» » Үйлену тойында қайырымдылық жасады

Үйлену тойында қайырымдылық жасады

Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітінде ақ некелерін қидырған Төлеби Есенжолұлы мен Нұрбану Абызқызы қаржыларын кортежге емес, қайырымдылыққа жұмсап, игі істің өнегесін көрсетті, деп хабарлайды NUR.KZ.

Жастардың мұндай қайырымдылық шарасы туралы қалалық мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев Facebook-тегі парақшасында жазды. "Биылғы жылды Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет "Ислам жəне отбасы жылы" деп жариялаған болатын. Ондағы мақсаты - жас отбасыларға жанұяның құндылығын түсіндіріп, отбасы ынтымағын арттыру болатын. Міне, осыған амал жасап жатқан қос жұп Алла үйінде некелерін қиып қана қоймай, Сіздерге айтарлықтай қайырымдылық көмегін көрсетуде", - деді алдымен сөз алған мешіттің бас имамы Нұржан Пірəліұлы.
Жас жұбайлар шын жүректен "Жүрек жылуы" қайырымдылық шарасы аясында жеті бірдей отбасыға азық-түлік пакеттерін өз қолдарымен үлестірді.
Мешіт ақсақалы мен мұқтаж жандар жас жұбайларға ақ баталарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірген.
12 наурыз 2018 ж. 1 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 435
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 948

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031