» » » САУАПТЫ ІС – САРҚЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА

САУАПТЫ ІС – САРҚЫЛМАЙТЫН ҚАЗЫНА

ХАЛҚЫМЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУДАН КЕНДЕ БОЛМАҒАН. БҰЛ ҚАСИЕТ ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫНЫҢ АЖЫРАҒЫСЫЗ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ БОЛСА КЕРЕК. АДАМҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУ АҚШАМЕН ӨЛШЕНБЕЙТІНІ ӘСТЕ БЕЛГІЛІ. ТЕК ШЫН ЖҮРЕКТЕН ШЫҚСА БОЛДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ АУДАНЫМЫЗДЫҢ БАС ИМАМЫ АСХАТ ЖАРҚЫНБЕКОВТІҢ БАСТАМАСЫМЕН, БАСҚА ДА ИМАМДАРДЫҢ ҚОЛДАУЫМЕН АУДАНДАҒЫ ДҮКЕНДЕРДЕ «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СӨРЕСІ» АТТЫ АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР. ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ - АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БОЙЫНА СЕЗІМІН ҰЯЛАТЫП, ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ РУХАНИ ЖАҒЫНАН ТӘРБИЕЛЕП, ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН, АЗ ҚАМТЫЛҒАН ЖАНҰЯЛАРДЫ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.
- Мешітімізде отыздан астам жағдайы жоқ отбасы тіркелген екен. Тіркелмегені қаншама. Осыған орай аудандағы барлық дүкенмен «Қайырымдылық сөресін» қою туралы келісіп, жағдайды түсіндірдік. Көптеген ірі сауда орыны бұл ұсыныстан бас тартты. Қазіргі күні үш дүкенге «Қайырымдылық сөресін» орналастырдық. Олар – «Айжан», «Асель», «Абылай хан» дүкендері. Осы дүкеннің иелерінеалғыс айту артықшылық етпейді. Асыл Пайғамбарымыздың хадистерінің бірінде. «Садақаның адам өмірін ұзартып, бәле-жаланы қайтаратындылығы» айтылады. Сондықтан кішкене де болса қол ұшын созу, үлкен қауіп-қатерден сақтайды десек артық емес. Садақаның өлшемі жоқ, әркім қолынан келгенінше жәрдемдеседі. Қазірдің өзінде тұрғындар күріш, макорон өнімдері, сүт, картоп, тағы басқа өнімдерін сөреге қойып кетіп жатыр. Шараның өтіп
жатқанына 4-5 күннен асты. Кеше жиналған азық-түлікті әлеуметтік жағдайы төмен үш отбасыға табыстадық. Қалған азық-түлік мешітте тұр. Оларды жұма күні таратамыз деп шештік. Бұл шараны биылғы жылы ғана қолға алдық. Бұйыртса, келер жылы да жалғасын табады деп ойлаймыз, – деді «Қармақшы ата» мешітінің наиб-имамы А.Тортулов.
Аталған акцияға байланысты мешіт өкілімен бірге сөрелер қойылған дүкендерді аралаған болатынбыз.
– Бұл «Қайырымдылық сөресін» дүкенге қойғандарына ешқандай да қарсылығым жоқ. Біреуге пайдамыз мен сауабымыз тиіп жатса қуанамыз. Негізі, құптарлық іс. Қазіргі қымбатшылық заманда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жақсы ойластырылған шара екен. Кешеден бері сөре азық-түлікке толып жатыр. Кешкілік босатып, жинап алып кеткен болатын, бүгін өздеріңіз көргендей қайтадан толып тұр. Қаншама өткен-кеткен адам қолынан келгенінше қайыр жасайды. Әсіресе, такси жүргізушілері, – деді «Асель» дүкенінің қожайыны Гүлнар Құрманбекова.
Ғалым Шакизада жәй ғана такси жүргізушісі. Күні-түні жүріп, тапқан қалтасындағы ақшасын балаларының аузынан жырып, ол да осы шараға өз үлесін қосуда.
– Бұл игі бастама екен. Ұйымдастырушыларға, ауыл имамдарына рахмет. Көбіміздің мешітке барып немесе үй-үйді аралап жүруге уақытымыз бола бермейді. Сондықтан осы жерге жағдайымыз келгенше азық-түлік қойып кетіп жатырмыз. Қайырымды жандардың да көп екенін байқадық. Әрине, қолыңда болса бергенге не жетсін, – деді ол.
– Игі ниетте өткізіліп жатқан шара бір ай көлемінде жүзеге асады. Ауданымызда жүрегі жұмсақ, қолы ашық жомарт жандардың көп екеніне тағы да болса көз жеткізгендейміз. Айтулы шараға өз үлесін қосып жатқан кент тұрғындарымен қатар, дүкен иелері мен ұйымдастырушылары елдің ықыласына бөленуде. Халқымызда «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма, өйткені құр алақан одан да аз» деген даналық сөзі бар, ендеше аз да болса жақсылық жасауға асығайық, ағайын!
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ.
19 ақпан 2018 ж. 2 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031