» » СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

      Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірнеше іс-шара өтті. Соның бірі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "Менің Қазақстаным" атты мүмкіндігі шектеулі жастар арасында суретшілер байқауы мен спорттық сайысы.
       Шара басында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев бүлдіршіндерді құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мұнан бөлек, аудандық мәслихат депутаты, Халықаралық Қазақ тілі қоғамы Қармақшы аудандық филиалының төрайымы Күлжауһар Раева мен "Аңсаған" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Бақыткүл Райымбаева мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін жолдады.
       Байқау барысында жас бүлдіршіндер арқан тартыс, қол күрес, дойбы, эстафеталық ойыннан сайысқа түсті. Шара соңында сурет салудан Жазира Қарғабақова, Мадина Алтынбек, Мадияр Сайранов есімді балалар жүлделі орынмен қатар қаржылай сертификаттармен марапатталды.


                                                                                                                                 Гүлжанат ҚАДЫРБЕКОВА
                                                                                                                                 "Қармақшы таңы"
04 маусым 2019 ж. 2 054 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 779
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930