» » ОТБАСЫ-МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ОТБАСЫ-МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Жуырда «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы бойынша «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Нұр Отан – балаларға» атты республикалық акциясы аясында аудандық партия филиалында көпбалалы отбасылармен кездесу өтті.
Кездесуді «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов ашып, балаларға сыйлықтар табыс етіп, тәттілер үлестірді.
Шара барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты К.Раева балаларды мерекелерімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Мерекелік шара барысында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері З.Исмайлова, Г.Шүлдірбаевалар балаларының қуаныш сыйлаған нұротандықтарға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
05 маусым 2018 ж. 2 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 818
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 511

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930