» » «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» жобасы

«Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» жобасы

Партияның саяси Доктринасында отбасы қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың маңызды институты. Отбасында ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрмет, балаларға қамқорлық, өзара қолдап-демеу дәстүрлері, еңбексүйгіштік және білімге деген құштарлық қалыптасады делінген. Қиын өмірлік жағдайға түскен отбасылар мен балаларды әлеуметтік бейімдеу және көмек көрсету жұмыстарына жұртшылықты тарту мақсатында «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы-бақытты балалық шақ» жобасы бойынша «Ха…лықаралық балаларды қорғау күніне» орай «Нұр Отан - балаларға» республикалық акциясы аясында аудандық партия филиалында көп балалы отбасы балаларымен және ата-аналарымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Д.Буханов ашып, балаларға сыйлықтар табыс етіп, тәттілер үлестірді. Шара барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов, «Аудандық әйелдер кеңесінің» төрайымы, аудандық мәслихат депутаты К.Раева балалардың мерекелерімен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді. Одан соң көп балалы ана, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері З.Исмайлова, Г.Шүлдірбаевалар бүгінгі мерекеде балаларының қуаныштарын көріп, партияға алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.
01 маусым 2018 ж. 3 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031