Бидай дәмі


Қазақ қашанда қыз-келіншектерді құрмет тұтып, алақанына салып аялап, ардақтайды. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді дана халық. Қазақ әйелі ғана ошақ қасындағы тіршіліктен бір уақыт бой түзеп, ел бірлігі мен болашағы үшін маңызды іске атсалысқан. Оған тарих куә.
Осындай әйел-ана болмысы­ның үлгісін көрсетіп жүрген жан­ның бірі – Рахима Байсымахова. Ол 1945 жылы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Бір жасында әкеден айырылып, анасының тәрбиесінде өседі.
– Бізді тәрбиелеп өсірген анамыз. 1946 жылы шешем жесір қалды. Соған қарамастан ағам екеумізді өсіріп, жетілдірді. Әлі күнге дейін есімде. Анамыз кеңшарда жұмыс істеді. Күніне тапқан бір уыс бидайды тартып, күлше етіп беретін. Солай бізді асырады. Ол кезеңде "менің екі балам жетім, маған тамақ, киім, үй бер, жағдайымды жаса" деп үкіметке алақан жайған емес. Қазіргі аналардың қоғамда осылайша бой көтеруін дұрыс санамаймын. Бүгінде ол кезеңдегідей емес, бар жағдай жасалуда. Тұрмыстық жағ­дай да көтеріліп келеді, – дейді ол.
Рахима апаның бойындағы жақсы қасиеті анасынан да­ры­ғандай. Анасын еске алғанда жанарынан жас ытқып шықты. Жылдар бойғы сағынышы сол бір көз жасқа ерік бергендей.
– Анам өте қайсар, тікмінезді жан болатын. Біреудің ала жібін аттамайтын қасиеті де бар. Бізге осыны үйретіп кетті. Анадан көрген тәрбиені ұл-қыздарым бойына сіңіре білді деп ойлаймын, – дейді.
Апа бір салада ұзақ жыл еңбек еткен жан. Еңбек жолын аудандық банкте есепші болып бастайды. Кейіннен жол мекемесінде бас есепші қызметінде жүріп, сол жерден зейнетке шығады. Бүгінде әженің ұл-қыздары қанатын кеңге жайған отбасының қатарында. Әрқайсысы түрлі салада еңбек етеді. Әженің қолындағы кіші немересі Раянаның қолынан қаламы түспейді екен. "Осы қызым оқымысты болады" дейді кейіпкеріміз.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
16 қараша 2020 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031