» » ЫСТЫҚ КҮЛШЕ немесе кейуана тілеуі

ЫСТЫҚ КҮЛШЕ немесе кейуана тілеуі


Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан кез. Аузынан от шашқан жаудың беті жаман. Халықтың сұм соғыстан зәре-құты қашқан. Енді еңсе тіктейміз деген арман да құмға сіңген судай. Майданға аттанып жатқан жас пен кәрінің санында шек жоқ. Әйтеуір елде бір тілек. Арыстай азаматтар аман келсе болды-дағы. Шығарып салушының ішінде он бес жасар Қадиша да бар еді. Қырық бірдің күзгі суығы болатын. Әскер тиелген эшелонның артынан қол бұлғап қала берген өрім қыздың көзі боталап, кемсеңдеп жылағаны әлі күнге есінде. Әкесі жаралы болып оралса, атпал ағалары соғыстан қайта оралмады. БҰл жайт оның өмірлік күйініші болса, сүйеніші – басқа бауырлары мен анасы. Қайран уақыт-ай. Жүйріктігіне жан жете ме? Міне, одан беріде арада 80 жыл сырғыпты.  
Жаратқанның жар болғаны болар. Қадиша әжеміз бүгінде 93 жаста. Тыл және еңбек ардагері. Иіркөл ауылында 1926 жылы 11-маусымда дүниеге келген. Қазір Жосалы кентінде қызы Жаңылдың қолында тұрады. Өзі өмірге әкелген перзенттерінің ортасында мәуелі бәйтеректей ғасырға жуық ғұмыр кешуде. Кейуана уақыттың көптеген сынынан өтті. Соғыс жылдарында да, одан кейінгі бейбіт заманда да ерлермен иін тіресіп, ауыр жұмыстар істеді. Теміржол саласына бір кісідей еңбек сіңірді. Жастайынан еңбекке араласты. Қиындықтан қашпады. Он сегізінде ұнатқан азаматы –  Әбілтай Меңдібаевпен шаңырақ көтеріп, бақытты некеден алты бала сүйді. Бүгінде Қадиша Оспанқызы он немере мен он шөберенің ардақты әжесі, әулеттің ақылшысы.
Екі ғасырдың куәгері бүгінде бақуатты. Өзі жүріп, тұрады. Тек соңғы уақытта жанары әлсірей бастапты. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпепті», – демекші, әжейдің жас кезінде өте ажарлы, сымбатты болғаны көрініп-ақ тұр. Табалдырықтан аттағанымыздан бізге бәйек болып жатыр. Әжеміз де еш тосырқамастан әңгімесін бастады.
– Аштықты да, тоқтықты да, соғысты да, бейбітшілікті де көрдім. Тәңірге тәубе деймін. Сол ашаршылық жылдарында анамның пісірген күлшесін кешеге дейін сақтадым. Сандығымның түбінде ішкі сырым болып қаншама жыл жатты. Өмірімнің куәсі болған күлшені жақында адам аяғы баспайтын жерге көміп тастадым. Әсте, бидай топырақта өнеді емес пе? Оным әбес болмас, – деді әжей демін тартып.       
Рас, «Аштықта жеген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді», – дегенді естіп жүрміз ғой. Десе де, бұл жерде қандай да бір сыр бар секілді. Әрі қарай тағы да сөз суыртпақтадық.
– Қарақтарым, қазақ халқы аштықтан қынадай қырылды. Бала болсақ та, естен кетпейтін жайт қой ол. Бірде әкем үйге жарты қап бидай әкелді. Оны шешем диірмен тасына тартып, балаларға ыстық күлше пісіріп берді. Кейде ішерге ас таба алмай қаламыз. Әке-шешемнің қиналғанын көрем. Маған да бір ыстық күлше тиді. Алақанның аумағындай. Қарным ашып тұрса да оған тимедім. Шүберекке орап, жасырып қойдым. Ертеңгі күннің қандай боларын кім біледі? Әлдеқандай жағдай болса, бауырларыма беремін деген ой, – деп кейуана әжім басқан жүзімен мейірлене қарап.     
Мейірімділік, төзімділік қан­дай? Алдын ойлау мен бауырға деген қамқорлық ше? Бәрі бәрі бір-бірімен байланысып жатқан жоқ па?
Бәлкім, Қадиша анамыздың ұзақ жасауының сыры осында болар.
Қ.Балғабаева осы қасиеттерге балаларын да тәрбиеледі. Жан жарымен бірге елге, еңбекке адал азамат етіп өсірді. Әсемкүл мен Жаңыл бірі – әлеуметтік, бірі – білім саласының ардагері. Ұлболсын мен Пернегүл – орта мектепте ұстаздық етсе, Ұлмекен – Жалағаш аудандық кітапханасының директоры.
– Алпыстан ассақ та анамызға еркелейміз. Арқа сүйейміз. Осылайша ортамызда отырғанына бақыттымыз. Берекеміз де, мерекеміз де – анамыз. Бірер жылда көзі нашарлап қалды. Жалпы, денсаулығы шүкір, жаман емес, – дейді қызы Жаңыл Әбілтайқызы.
Кейуананың жанар оты әлсіресе де жүрек оты әлі де жалын шашады. Ал, біз осындай аналардың болғанына қатты қуан­дық. Тек, «әттеген-айы» әжей сонша жыл сақтаған күл­шені көре алмағанымызға өкіндік.
 
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы».
09 наурыз 2019 ж. 1 418 3

RobertKer от 21 ақпан 2020 10:51
Мне нравится эта идея, я полностью с Вами согласен. -------- скачать песни mp3 | https://amp3.online/

Arthurlow от 25 ақпан 2020 08:26
Matchless topic, very much it is pleasant to me)))) -------- online cc shop |https://validccshop.online/

Zacharycow от 27 сәуір 2020 19:39
Я должен быть ангелом, если только я хочу жить: вы же живете в других условиях. скачать и слушать музыку Кому нет нужды в том, чтобы лгать, тот извлекает себе пользу из того, что он не лжет. Скачать [url=https://www.muzalem.ru/collection/russkie-hity/лучшие хиты[/url]

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 067

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031