» » БАСҚЫНБАЙ ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ КӨШЕСІ

БАСҚЫНБАЙ ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ КӨШЕСІ

1992 жылы аудан әкімі  қыз­метін атқарған Жақай Бодықбаевтың  заман талабына сай аудан орталығы мен оған қарасты елді мекендердегі көше және әлеуметтік нысандардың атауын өзгертуге арналған №14 шешімімен  бұған дейін тұрғындар тарапынан аталып келген Красный Восток көшесі Басқынбай Қайырбекұлы көшесі болып өзгертілді.

 
Басқынбай Қайырбекұлы 1909 жылы Жосалы кентінде  жұмысшы отбасында дүниеге келген.  Ол 1925 жылы аудан орталығындағы қазіргі Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте білім алып шыққан соң, алғашқы еңбек жолын аудан орталығындағы жылжымалы механикалық колоннада құрылысшы болып бастаған.

Белсенді жас сол жылдары өңір жастарын білім алуға, еңбек етуге, қоғамның өсіп-өркендеуіне атсалысуға жұмылдырып, жиырмасыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдары ауданда голощекиндік саясатпен қазақ халқына қарсы жүргізілген ашаршылық, қуғын-сүргін сияқты зұлматты істерге қарсы шығып, елді бірлікке шақыруда аянбай еңбек еткен. Ұлы Отан соғысы жылдарында туған жерді неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, майданнан аман-есен оралғаннан кейін  елде халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жұмыстарына белсене араласқан.

Коммунист, ел қамқоршысы атанған атпал азамат соғыстан кейінгі жылдарда  партия тапсырмасымен механикалық зауытта,  жол жөндеу мекемесінде басшылық қызметтер атқарды.  Сонымен қатар, ауданда ұсақ ауылдарды  ірілендіру  жұмыстарына белсене араласты. Оның ішінде, «Ақжар» МТС-ін ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында болды. Сондай-ақ, ол аудандық партия комитетінің партиялық комиссиясының мүшесі болған жылдарда аудан тұрғындарының, нақтырақ айтқанда тұрмысы төмен  және көпбалалы отбасылар мен  жалғызбасты қарттарды, мүгедектерді  рухани және материалдық жағынан қолдау мақсатында аянбай еңбек етті.  Бірақ, бала кезден бойын дендеген дерттің салдарынан ол 1971 жылы 62 жасында өмірден озды.

Туған елінің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, халқына адал қызмет еткен атпал азаматтың еселі еңбегі  өкімет тарапынан бағаланып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен бейбіт кезеңдегі елеулі еңбегі үшін  ол бірнеше орден-медальмен, сонымен бірге құрмет грамотамен, басқа да мадақтамалармен марапатталды.

Бірнеше ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, олардың қоғамнан өз орынын табуына еңбек сіңірді.   
13 желтоқсан 2018 ж. 1 663 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031