» » С.АХМЕТҰЛЫ КӨШЕСІ

С.АХМЕТҰЛЫ КӨШЕСІ

1994 жылы аудан әкімі қызметін атқарған Жақай Бодықбаевтың Жосалы кенті мен өңірдегі барлық елді мекендегі көше атауын заман талабына сай өзгеру мақсатындағы іс-шара жоспарына сай сол жылдың 30-қарашасындағы №278 шешімімен бұған дейін Мельничная деп аталып келген көше Самалбек Ахметұлы болып өзгерді.


Самалбек Ахметұлы 1907 жылы Қазалы уезінің 8-ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Ауыл молдасы Аман Өксікбайұлынан діни білім алған ол өсе келе хат танып, елімізде Кеңестер үкіметі орнағаннан кейін, яғни 1924 жылы Қазалы қаласындағы мектепте орта білім алады. Еңбек жолын Қазалыдағы орта мектепте ұстаздық қызметтен бастаған жас маман кейін келе, нақтырақ айтқанда 1928 жылдан 1934 жылға дейін «Қарақұм» сауда қоғамында түрлі жауапты қызмет атқарса, ал 1934-1939 жылдарда Қармақшы ауданы, қазіргі Алдашбай ауылындағы Ворошилов мектебінің директоры, 1939-1942 жылдары аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, майдан даласында неміс фашистеріне қарсы соғысқа қатысады. Қатардағы қарапайым жауынгерден офицерлік қызметке дейін көтеріледі. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңестер Одағы Қарулы Күштерінің жеңісімен аяқталған соң, Самалбек Ахметұлы елге оралып, ауданда халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру жұмысына атсалысады. 1945-1949 жылдарда аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметін қайта қолға алған ол ауданда білім саласын дамытуға белсене араласып, өңір жастарының сапалы білім алуына еңбек сіңіреді. Сонымен қатар, 1949-1954 жылдары тарихы тереңді бойлаған аудандағы қара шаңырақ Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте директор, 1954-1955 жылдары қазіргі Дүр Оңғар ауылында бастауыш партия ұйымының хатшысы, 1955 жылдан 1967 жылға дейін қазіргі Тұрмағамбет ауылындағы орта мектепте директор, аудан орталығындағы бірнеше мектепте ұстаздық қызмет атқарып, абырой биігінен көрінді. Жүздеген шәкіртке білім нәрін сеуіп, олардың қоғамнан өз орнын табуына аянбай еңбек етеді. 1940-1954 жылдары Қызылорда қаласындағы Н.Гоголь атындағы педагогикалық институттың тарих факультетін тәмамдаған. 1940 жылдан бастап коммунистік партия қатарында болған. Сонымен қатар, Самалбек Ахметұлы 1962 жылы елімізде жүргізілген бүкілодақтық санаққа қатысып, белсенділік танытқандардың бірі.
Ел әлеуетінің, оның ішінде білім саласының дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін білікті маман Самалбек Ахметұлы бірнеше рет республикалық, облыстық, аудандық партия және атқару комитеттерінің құрмет грамоталарымен және басқа да мадақтамаларымен, мерекелік медальдармен марапатталды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында фашистік Германия жендеттерін елден азат етуде көрсеткен ерлігі үшін бірнеше орден-медальға ие болған.
05 желтоқсан 2018 ж. 1 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031