» » Күміс алқалы ана Асли

Күміс алқалы ана Асли

ЖОСАЛЫ, 5 наурыз – qarmaqshy-tany.kz Біздің ауыл көп ұлтты ауыл болған  соң ешкімді бөліп жармайды. Құрметіміз бәріне бірдей. Татулығы жарасқан ауылымызда қырыққа жуық ана алтын, күміс алқа иегерлері. Мереке қарсаңында бірнеше аналар туралы жазуды жөн көрдім. "Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген қанатты сөз бар емес пе? Халыққа қызмет көрсетіп, еңбегі сіңген
Мададова Асли апай қарапайым ана, алты баланы тәрбиелеп, бар өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар бола білген жан. Бүгінде қыздарын - қияға қондырып, келін түсіріп, немерелерінің сүйікті әжесі болып отыр. Асли апай ауылдық ауруханада 40 жыл бойы медбике қызметін атқарды. Жары Мухлисов Закрия ұзақ жылдар бойы шаруашылықта жұмыс істеп, қазіргі таңда екеуі де зейнеткер. Балаларының барлығы да ауылда еңбек етеді. Назли, Наргүл, Құрбаны жұмысшы, Зейнап үй шаруасында, Марал мектебімізде ұстаз болса, Айдын "Достық" шаруашылығында егіс бригада көмекшісі қызметін атқарады.
Рима Тұрманова



05 наурыз 2020 ж. 1 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 391
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 239

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728