» » Ауылдағы басқосу

Ауылдағы басқосу

Тіршілікте Әйел-Анаға артылған жауапкершілік жоғары, сенім селкеусіз. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен нәзік жандар тындырған іс ешқашан тиянақсыз болған емес. Азаматтармен қатар жүріп елдің болашағы үшін білек сыбанған батырларды қолдау қуантады. Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылында өткен облыстық форумның мақсаты да ауыл әйелдерінің мәртебесін, олардың қоғамдағы рөлін көтеру болатын.
Мазмұны терең, мағынасы мол форумға Қармақшы ауданынан көп балалы, әр салада қызмет жасап жүрген әйел-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері қатысты. Өңірдегі іскер әйелдердің басын қосқан шарада адал еңбегімен ерекшеленгендер облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қолынан түрлі номинация алды.
Олардың қатарында Жаңажол ауылының тұрғыны, 10 бала тәрбиелеп, ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырған «Алтын алқалы» Гүлмира Диханбаева да бар. Әр баласын ерекше мейірімге бөлеп, саналы ұрпақ болып ержетуіне жағдай жасаған ол аталған форумда «Көп балалы ана» номинациясын иеленді. Алтын құрсақты ана:
– Абыройымды еселеп, мен секілді балалы аналарды өзгелерге үлгі етіп көрсетуі – балапандарымды өсіріп, жетілдіруге жұмсаған жігерімді қайта қалыпқа келтіргендей, шаршағанымды демде ұмыттырғандай әсер сыйлады, – дейді қуанып.
Осы ауылдың тумасы, зейнеттегі кәсіпкер ана, жыл сайын әлеуметтік көмекті қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық жасап жүрген Жамал Әлжанованың да еңбегі ескерусіз қалмады. Ол «Үздік сауда және қызмет көрсету саласындағы шағын және орта бизнес басшысы» номинациясына лайық деп танылды.
«Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігін құрып, 2007 жылдан бері мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеп жүрген Бақыткүл Райымбаеваға «Үздік ҮЕҰ» номинациясы бұйырды. Қазір бірлестік жанында «Руханият» үйірмесі бар. Мүмкіндігі шектеулі балалардың уақытын тиімді пайдалануда ұйым атқарған жұмыс аз емес. Бақыткүл Сейіткәрімқызы форум аясында ұйымдастырған көрмеге бірлестік мүшелерінің жасаған бұйымдарын қойып, көптің қызығушылығын тудырды.
Ақтөбе ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория меңгерушісі және бас дәрігер қызметін атқаратын жас маман Ақбота Жакенованың «Үздік ауыл дәрігері» атанғанын естігенде, ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады. Басы ауырып, балтыры сыздағандар Ботаның көмегіне жүгінеді. Биязы үнді, сабырлы сала маманы өз мамандығының мақтанышына айналып үлгерген.
Газет пен жорналды үй-үйге уақытында жеткізіп, алғыс арқалаған ананың бірі – Ақжар ауылдық округіндегі пошта торабының қызметкері Гүлбарат Тоқбураева. Ол да форумға қатысуға мүмкіндік алды. Жәй ғана қатысып қоймай «Үздік пошта немесе өндіріс қызметкері» номинациясына ие болуы – жұмысына деген жауапкершілікті шыңдай түскені анық. Гүлбарат көп жылғы мінсіз еңбегі мен қызметтік міндеттерін адал орындап, жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізгені үшін «Казпошта» АҚ басқарма төрағасынан құрмет грамотасы және пошта саласына қосқан үлесі үшін бірнеше алғыс хатпен марапатталған.
Сан саланы қамтыған ауқымды шарада «Мәдениет саласының үздігі» номинациясы Қарлығаш Нұртаеваға бұйырды. Ол 2016 жылы Алдашбай ахун ауылдық клуб үйінің директоры қызметіне тағайындалған. 2018 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Астана қаласының 20 жылдығына орай өткізілген «U`zdik` kly`b-2018» облыстық байқауына жоғары дайындықпен қатысып, «Жаңашыл клуб» номинациясымен марапатталған. Бесаспап маман:
– Бұл форум – әйгілі болу үшін тек қалада қызмет ету керек деген пікірді жоққа шығарды. Ауылда жүріп-ақ абыройға бөленген ана көп. Әйелдерінің еңбегі бағаланған басқосу еңсемізді көтеріп, талаптандырды, – дейді.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
23 қазан 2019 ж. 829 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 096

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031