» » БІЗДІҢ ӘКІМ, БІЗДІҢ ӘКІМ ТАМАША

БІЗДІҢ ӘКІМ, БІЗДІҢ ӘКІМ ТАМАША

Қарашаның 8-10 аралығында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық музейде  2030 – Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі ауыл әйелдерінің үлесі мен жетістіктерінің демонстрациясы,  үшінші жаңғыру талаптарын жүзеге асыру, Қазақстанның жасыл экономикаға өту концепциясын анықтау, жасыл экономикаларды қолдануға жағдай жасау,  өзін-өзі жұмыспен қамту, әйелдің үй тұрмысындағы жұмысын жеңілдету,  гендерлік саясатты қолдау және түрлі салада еңбек ететін ауылдың белсенді әйелдерін марапаттау мақсатында «Қазақстанның ауылдық аймақтарын тұрақты дамытуға әйелдердің үлесі» тақырыбында  Қазақстан ауыл әйелдерінің республикалық І форумы өтті.

Еліміздің барлық аймағынан ел әлеуетін нығайтуға атсалысып жүрген белсенді әйел-аналардың қатысуымен өткен форумға жерлесіміз, Жосалы ауылдық округінің әкімі Сәрсенкүл Есқалиева да делегат болып қатысты.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның ауыл әйел­дерінің І форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы  Майра Айсинаның жүргізуі­мен өткен басқосуда  Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова,  «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев,  ҚР Премьр-Министрінің орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев,  Дүниежүзілік  ауыл әйелдері қауымдастығының президенті Рут Шенке,  Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президенті Бетси Нельсон және басқа да лауазымды қызмет иелері мен шет елдерден келген мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, әлем бойынша әйел құқығы, ұрпақ тәрбиесі, отбасы-демографиялық ахуал жайында сөз қозғап, ұсыныс-пікірлерін зерделеді.
Үш  күнге созылған форум барысында «Ауылда жасыл технологияларды қолдану тәжірибесі мен перспективалары», «ӘКК  құру және шағын ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру­ші­­лерді  қолдау арқылы ауылда өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру», сонымен қатар «Әйелдерді жергілікті деңгейдегі сайлауға қатысуға дайындау» және «Қазақстанның ауыл­дық аумақтарын тұрақты дамытуға әйел­дер­дің үлесі» тақырыптары бойынша сессиялық отырыстар өтіп, онда тақырып аясында атқарылып жатқан және алдағы уақытқа мақсатталған жос­пар жайы талқыланды.
Форум аясында ел бірлігі мен тірлігі үшін аянбай еңбек етіп, құрмет төрінен көрінген бір топ белсенділер түрлі номинация бойынша марапатталды. Сондай құрмет төрінен көрінген әйел-аналар қатарынан Жосалы ауылдық округінің әкімі Сәрсенкүл Есқалиева да  орын алып, жерлесіміз ҚР Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменовтың қолынан  республика бойынша «Ауыл округінің үздік әкімі» номинациясы мен құттықтау хатына ие болды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».

20 қараша 2018 ж. 1 896 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031