» » Гендерлік саясат-әйел мен ердің теңдігі

Гендерлік саясат-әйел мен ердің теңдігі

Гендерлік саясаттың негізі әйелді атқа мінгізіп, төрге сүйреп, еркектің басын көрге сүйрейтін саясат емес. Бұл дегеніңіз, екі жұптың теңдігін әспеттеу арқылы іскерлік қарым-қабілеті мол әйелге қолдау көрсету болып табылады.
Гендерлік саясат дегенде адамдардың түсінігі әр түрлі. Расында да, әйелді ермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сынды түйінді мәселелерді шешу, ер мен әйелді қоғамның барлық саласында теңестіру – бұл әрбір мемлекеттің басты мақсаты. Демек, ерлер мәселесі де назардан тыс қалмайды. Гендер ұғымымен тығыз байланысты гендерлік идентификация және гендерлік стереотип теген ұғым бар.
Ал, енді оның әрқайсысына жекелей тоқталсақ, гендерлік идентификация – өзінің әйел немесе еркек жынысына жатуын саналы түрде түсіну. Нақтылап айтқанда, гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі, өзінің әлеуметтік контекстіндегі жынысқа жатуын сезіну десек, гендерлік стериотип – еркек пен әйелдің бейнесі белгілі бір жүйеге келтірілген және нормативті түсінік. Яғни, әйел адам қандай қасиетке ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсінікке негізделген.
Гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйел мен ер адамның тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейдi. Біздің елдегі гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдай жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу сынды түсініктер жатқызылады.
Гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы ұлттық және халықаралық тәжірибені, әлемдік қауым­дас­тық елдерінің өркениеттік, діни және мәдени ерекшеліктерін жан-жақты және мұқият ескеруге негізделген саясат сабақтастық, прагматизм мен теңдестік қағидаттарына негізделіп, ұлттық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған.
Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнеспен айналысуына, кәсіппен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болатыны анық көрініп тұрса да, өркениетті елімізді дамыту үшін әрбір азаматтың жынысына қарамастан өз белсенділігі мен іскерлігін ортаға салып, Отанына деген сүйіспеншілікпен бірлесе жұмыс атқаруы өте жарасымды да тиімді болатыны анық.
Қанат ЕСХАНОВ,
Қармақшы аудандық сотының
бас маманы.
16 шілде 2018 ж. 2 142 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031