» » » Алғашқы арба ананың құрметіне әкелінген

Алғашқы арба ананың құрметіне әкелінген

«Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» дейді дана халқымыз. Ана – тіршіліктің алтын арқауы. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, үйдегі шаруаның несібесі. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан перзентінен барын да, нарын да аямайтын ананың кез келген адам үшін орны бөлек. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге қашанда әзір бір жан болса, ол да әзиз анамыз.
Қазақ қоғамында әйел-ананың орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тәмсіл бар. Ұлттың болашағы да қазақ әйелінің қолында. Сондықтан қазақ әйелі отбасы қоғамының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны. Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Қарашаш, Домалақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді ханшалардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүгінгі ұрпақ жадында мәңгілікке сақталады. Арыға бармай-ақ қазақ хандығы тұсынан бергі ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай ханымдар, Күнбике, Айбике, Зере, Ұлжан, Айғаным аналардың ұлт тарихындағы орны бөлек. Олар болмаса ержүрек батырлар мен Абайдай дана, Шоқандай дара тұлғалар болмас па еді?
Абай демекші, жақында М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын екінші рет оқып бастағанмын. Алғаш оқығанға қарағанда алған әсерім ерекше. Бұрын мән бермеген кейбір тұстарын енді ұғынғандаймын. Сондағы өзгеше ой қалдырған мына бір үзінді ойымнан кетпеді.
«Абай атқа міне алмайды. Жүк артқан түйеге мінгізуге: «Жүк құлап, түйе жығылса мерт болады» деп шешесі оған да мінгізбеді. Кәрі әже мен Ұлжанның ортасында жалғыз арба бар еді. Тегі, бұл ел көшпелі болғандықтан арба дегенді білмейтін. Тобықты ішіне ең алғаш келген арба осы Зеренің – Құнанбайдың кәрі шешесінің көк арбасы десе де болады. Құнанбай аға сұлтан сайланған сапарында шешесіне:
– Көшкенде осыған мін! – деп, Қарқаралыдан әдейі әкеп еді.»
Міне, осы үзіндіден Құнанбайдың ана сыйлаудағы озық үлгісін көре аламыз. Арба деген ұғымды білмейтін ел ішіне анаға деген құрметін білдіріп арбаны әкелуі – Құнанбайдың даналығын аңғартады.
Иә, ана мен перзент арасындағы тылсымға толы, жіпсіз байланыстың бары рас. Әр бала үшін де ең жылы жер – ананың құшағы. Ізгілік жолын жалғаған, аналарды ұлықтау қай кезеңде де артықтық етпейді.
Көпке ана, елге пана болған ақжаулықтыларымыз құт қонған қасиетті мекенімізде де жетерлік. Осы тұста қызметті те, отбасын да үлгертіп, еліне пайдасын тигізіп, салиқалы ана, әже бола білген Сәлима анамызды мақтанышпен еске аламыз. Нағыз қазақ әйелінің қазіргі бет-бейнесі болып жүрген аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева да өзіне тән қарапайымдылық, ұстамдылығымен, қай кезде де орынды сөзімен, үлгілі ісімен кішілерге өнеге болуда. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді қанатының астына алып, әдемі әлемге жетектеп, қолөнерді үйретіп жүрген Бақыткүл Райымбаева секілді жанашыр жан да арамызда жүр. Хауа ананың ғибратты ғұмырын өміріне үлгі етіп, өзгеге өнеге қылған аналарға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ

16 маусым 2020 ж. 1 477 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031