» » Тіл үйретудің шебері

Тіл үйретудің шебері

Құрбыммен сауда үйінен шығып бара жатқан бетім еді. Сыртта бір кісінің "stop Ақнұр" деген дауысын естіп біраз абдырап қалдым. Бір дүниені бүлдіріп қойғандай "стоп" дегені несі деп жан-жағыма қараймын. Қапелімде біреуді кезіктіремін деп ойламасам керек. Бақсам атымды атап шақырған әлгі жан бір кездері бізге сабақ берген "ағылшын апай" – Руза Изықұлова екен. Апаймен ағылшын тілінде амандаспақ болып едім. Қорқып қалғаным сонша әлгі амандасу сөзі аузыма келмей қоймасы бар ма?! Әсілінде оның үйреткенінің текке кетпегенін көрсеткім келген. Курста жақсы оқып үздік «үштікке» ілінгенім бар. Ұстазым да оны жақсы біліп, атымды әлі күнге дейін ұмытпағаны көңілімді жылытып сала берді.
Иә, осыдан 1-2 жыл бұрын редакция ұжымымен бірге ағылшын тілін оқыған едік. Ол кезде декреттік демалыстамын. Содан әріптес-әпкем Гүлжанат Дүзенова «Ағылшын тілі курсы болғалы жатыр. Мықты маман үйретеді. Бірге барайық» деді. Көп ойланып жатпадым. Себебі тіл білгеннің артығы жоқ. Руза апайды сол кезден танып білемін. Мектеп пен университетте оқыған «шала ағылшынымды» осы кісінің курсынан жалғастырған болатынбыз. Апайдың сабақ үйрету әдісі де қызық. Түрлі тапсырмалар береді. Кейде газет шығатын күндері оны орындамай қалсақ, ренжиді. Сабақтан қалып қоймаңдар, тақырыпты түсінбей қаласыңдар деп жиі айтып отырады. Ал сабақтың кей тұстарын түсінбесек, барлық мысалдармен, жілік-жілікке бөліп асықпай түсіндіреді. Қала берді кері байланыс жасап меңгергеніңді тексеріп пысықтап алады.
– Ең әуелі оқушыға дыбыстың дұрыс оқылуын үйретемін. Себебі ол сөздің дұрыс айтылуы мен жазылуына әсер етеді. Тіл үйретуде бір ғана талап ететінім – жауапкершілік. Жалпы кез келген дүниеде жауаптылықтың болғанын қалаймын, – дейді ол.
Руза Төлегенқызы талай баланың шет тілін меңгеруіне себеп болған жан. Ол Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты бітірген. Алғашқы еңбек жолын аудандағы №250 мектепте бастаған ол бүгінде зейнеттік демалысқа шыққан. Зейнетке шықса да тіл үйретуді әлі күнге дейін жалғастырып келеді. 2018 жылы мемлекеттік қызметкерлерге шет тілін меңгертуге шақырту алады. Арнайы тестілеуден өтіп 100 сұрақтың 95-іне дұрыс жауап беріп, бірден қабылданады. Содан бері түрлі сала маманына тіл үйретіп келеді. Айталық қаңтар айынан бастап бірқатар мекеме басшыларына ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту курсы Elementary деңгейлін үйретуде. Одан бөлек балаларға жеке қосымша сабақ та береді. Оның болмысында қарап жату деген жоқ. Үнемі тынымсыз тірлікпен айналысады. Қазір кейбір "жалқау жастарға" мотивация боларлық. Энергиясы да бай. Рас, апай үнемі жадырап жүреді, күліп сөйлейді. Өзін жеңіл әрі көңілді сезінетініне қарап жасы 70-те деп ойламайсыз.
Сан алуан оқушының білім нәрімен сусындауына сеп болған жан бүгінде шәкірттерінің биік белесіне шын қуанады. Алғашқы шәкірттердің бірі болған Айман Мұхтарова ұстазының жолын қуып, ұзақ жылдар ағылшын тілі пәнінен сабақ берген. Бүгінде алғашқы шәкірттері де зейнетте.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
06 наурыз 2021 ж. 565 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 258

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930