» » Ағылшын тілін меңгердік

Ағылшын тілін меңгердік

Қазір әлем қарыштап дамып жатқанда бос отырған болмайды. Бір ортада қалып қою тағы да болмайды. Әсіресе, тілші болған соң шетелге шығып, өзге елден тәжірибе алмасқанға не жетсін?! Әнеугүні қызылордалық Назгүл Кенжетай Қазақстанның «100 жаңа есімінің» жеңімпазы атанды. Ол әскери корреспондент, фотограф әрі еуропалық тілші. Ерекшелігі Сириядағы «жаны ауырған» балаларды суретке түсірген. Ал, ол фотолар тіпті әлемді шарлап жүр. Көрдіңіз бе?
Бізге осындай жетістікке жету үшін не керек? Оған жетпекке не кедергі? Әрине, ең алдымен тіл білу керек. Бұрынғыдай орыс тілін білсек өзге жерге қиналмай барамыз деген ойдан аулақ болған жөн. Себебі, қазір ағылшын тілі бірінші жолға қойылды. Оны білсек шетелге баруға да жол ашық. Қазекемнің «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» дегені осыдан шықса керек. Жуырда өзге ауданда болмаған ерекше оқиғаның куәсі болдық. Редакция ұжымы тұтастай куә болды. Себебі, алғаш рет ағылшын тілінен курстан өттік. 72 сағат бойы бұл тілдің тереңіне бойладық. Үйрендік. Сөйлеуге машықтандық. Жетек­шіміз Руза Төлегенқызының айтуынша ең алдымен адамға талап керек.
– Кейде біз жасымыз келді деп қолды бір сілтейміз. Ал, негізінде ең алдымен адамда жігер болса, қалғаны өз орнымен келе береді. Расымен де, бұл өзге өңірде болмаған. Газет ұжымымен алғаш рет жұмыс жасап отырмыз. Бұл ағылшын курсының бастапқы кезеңі. Мұнан өткен соң өз сатысымен көтеріліп отырады. Ұжымның деңгейін көрдік. Шетелге шығуға 100 процент дайын десем артық болмас. Себебі, бұл сатыда олар шетелдік азаматпен қалай сөйлесу керегін, өзін таныстыруды, сұрауды, түсіндіруді үйренді, – деді ол.
Иә, расымен де ағылшын тілі курсынан алған біліміміз көңіл қуантады. Мұнда түрлі бағытта әңгіме-дүкен құруды да үйрендік. Ең бастысы сұрақ қойып, жауабын ала алу деңгейіне көтерілдік. Осындай курсты ұйымдастырған сала мамандарына қандай алғыс айтсақ та жарасады. Алдағы уақытта курстың екінші сатысынан өту жоспарда бар. Әсілінде, шетелге қымсынбай шыға беруге де болады. Әрине, шетелденіп кетті демеңіз. Біздегі тек жеті жұрттың тілін біліп, өз тілімізде өмір сүру.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
25 ақпан 2019 ж. 1 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031