» » Ине икемдеген бұрымды

Ине икемдеген бұрымды

ҚЫЗ − ӨМІРДІҢ ГҮЛІ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ СОЛ ГҮЛІН ҚАШАНДА КІШКЕНТАЙЫНАН МӘПЕЛЕП, АЯЛАП, ҚАНАТТЫҒА ҚАҚТЫРМАЙ, ТҰМСЫҚТЫҒА ШОҚЫТПАЙ ӨСІРГЕН. НӘЗІКТІК ПЕН ПӘКТІКТІ, ИНАБАТТЫЛЫҚТЫ ӘРБІР ҚАЗАҚ ҚЫЗЫНЫҢ БОЙЫНА СІҢІРЕ БІЛГЕН. БОЛАШАҚ АНА, ШАҢЫРАҚТЫҢ БЕРЕКЕСІ ДЕП ОНЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ БАСА МӘН БЕРГЕН.
Қазір әлеуметтік желіде көп талқыланатын мәселенің бірі – қыз тәрбиесі. Желідегі жарқыраған суреттер талай «көздің» куәсі болды. Болып та келеді. Киім киісінен бастап, сөйлеуі, тамақ дайындауы, тіпті атқарып жүрген қызметі де талқыға түсіп жатады. Өйткені қыз тәрбиесіне немқұрайлы қарай алмайтын қасиет қазақтың қанына сіңген. Ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен бойжеткен қай ортада болсын ерекше болмысымен көзге түседі. Оның бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты дараланып тұруы тиіс. Алайда айтпағымыз бұл емес. Ауданда «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі бар. Мұндағы қол шеберлігіне арналған түрлі үйірмеге қарап, көрмелерде көз жауын алатын туындыларға қарап таңдай қақпай қоймайсыз. Ондағы балаларды өз баласындай жақсы көріп, қанатымен қорыған Бақыт апай сол қыз балаларды ісмерлікке баулуда. Ал ине икемдеген қыз сабырлы, әр бастаманы ойланып барып шешетін бойжеткенге айналмақ.
Тақырыпқа ойысайық, осы бірлестікте Құралай Серікбаева есімді Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектептің 7 сынып оқушысы бар. Анасы Ферузаның айтуынша, қызғалдағы кішкентайынан қолөнерге бейім өскен.
– Бисер, моншақ, сақинасын өзі тоқиды. Сондай сабырлылықты, төзімділікті қажет ететін ісмерлікпен айналысқанды жаны сүйеді. Босай қалса қолынан инесі түскен емес. Қыз бала өзі ата-ананың гүлі ғой. Сол гүлдің жапырағын жайқалтып, еркін ашылуына сеп болатын біздер. Қазір Құралай «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігіндегі үйірмеге қатысып жүр. Кілем тоқып үйренуде. Бір кілемшесін бітірді. Әлі де қызығушылығы артуда. Осы жасаған дүниелер арнайы ұйымдастырылған көрмелерде қойылады. Түрлі байқауларға қатысты. Облыстық, аудандық марапаттары бар. Осы кезекте қоғамдық бірлестікке, Бақыт апайға айтар алғысым шексіз, – дейді Құралайдың анасы.
Қазақ қызын «жат жұрттық» деп қадірлеп, төрінен түсірмеген ел. «Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде анасы үйретпепті демесін» деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады. Оны ас әзірлеу, шай құю, тоқыма тоқу, ою-өрнек, төсек жинау секілді үй шаруа­сына үйретеді. Еңбексүйгіш, өнерлі әрі көрікті болып өсуіне ерекше көңіл бөледі. Қош. Бір отбасының құралайы, қызғалдағы бүгінде қол өнердің құлағында ойнайды. Ал жақындары әрдайым қолдау көрсетуден тайған емес. Қоғамдық бірлестік болса қанатын кеңге жайып, талантын шыңдауда. Алла жазса, Құралайдан өз ісінің шебері шығып, әлі талай шыңды бағындырарына кәміл сенеді.

Айнұр ӘЛИ
06 наурыз 2022 ж. 431 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031