» » Мемлекеттік гранттың берері мол

Мемлекеттік гранттың берері мол


"Аңсаған" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі мүмкіндігі шектеулі балалар мен жұмыссыз әйелдерге арналған тігін және пішуді оқыту жобасын іске асырды. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның "Қызылорда облысындағы ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру" мемлекеттік гранты шеңберінде жүзеге асты. Ұйым мүмкіндігі шектеулі балаларды, әсіресе мүгедек балалардың аналарын ұлттық қолөнерді оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған. Жоба барысында 13 мүмкіндігі шектеулі баланың анасы және 30 жұмыссыз әйел кесу және тігу, сондай-ақ қолөнер шеберлігіне оқытылды. "Аңсаған" ҚБ мемлекеттік гранттардың тиімділігі мен маңыздылығын жоғары бағалайды. Өйткені олар азаматтық бастамаларды іске асыруға және ауылдық жерлерде ҮЕҰ мен бастамашыл топтардың әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл грант "Аңсаған" Қоғамдық бірлестігіне ұлттық өнерді дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға өзіндік үлесін қосты.

"Аңсаған" мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі

02 желтоқсан 2020 ж. 937 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 876
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 535

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930