» » Ерекше жандарға құрмет көрсетілді

Ерекше жандарға құрмет көрсетілді


Ауданда Халықаралық мүгедектер күніне орай «Көңіл шуағы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Үсенұлы, ардагерлер кеңесі, саяси партия, ҮЕҰ, БАҚ, діни бірлестік өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар және әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
Тағылымды іс-шараға аудан басшысы Қ.Нұртай арнайы келіп, жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, ерекше жандарға қамқор болып, белсенді жұмыс жасап жүрген қоғамдық ұйым жетекшілері мен әлеуметтік сала қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, осы салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Айтулы іс-шара аясында аудандағы мүмкіндігі шектеулі 10 азаматқа бағалы сыйлықтар табысталса, «Халық» қайырымдылық қорынан мүмкіндігі шектеулі 150 азаматқа азық-түлік себеті берілді.
Бүгінде ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету бағытында «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі, «Дәметкен Ана» оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Жосалы корпоративтік қоры, Байқоңыр қаласы «Қорған» мүгедектер қоғамдық бірлестігі, «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры, Қазақ соқырлар қоғамының «Бастауыш» ұйымы нәтижелі жұмыс жасап келеді.
Іс-шара соңында Жаңажол ауылының тұрғыны, зейнеткер, ІІ-топ мүгедегі Омаров Тұрақ сөз сөйлеп, аудандық әуез мектебінің ұстаздары әннен шашу шашып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

09 желтоқсан 2021 ж. 654 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 253
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 134

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031