Мейірім шуағы

Бұл күнде ерекше балалардың өмірдің қиындығына сынбай, қоғамнан тыс қалмауы үшін атқарылып жатқан істер күннен күнге көбейіп келеді. Аудандық «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде тағы бір игі іс атқарылды. «Ертөстік» балабақшасы мен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өткен кездесуде бөбекжай тәрбиеленушілерінің өнері тамашаланды.
– Бүгін сіздермен жүздесу, пікір алысумен қатар өнерімізді көрсетуге келдік. Бақыткүл Райымбаеваның басқаруындағы «Аңсаған» қоғамдық бірлестігі балаларының шеберлігіне бәріміз тәнтіміз. Аталған кездесуге қонақ болып, жақсы көңіл-күй сыйлауға асыға келдік, – деген бөбекжай-бақша меңгерушісі Айткүл Әбжалиева шараның шымылдығын ашты.
Балабақша бүлдіршіндері өздері дайындаған шағын концерттік қойылымында би билеп, әннен шашу шашты. Қоғамдық бірлестік мүшелері де өз өнерін көрсетіп, келген қонаққа жылы шырай танытты. Шарада балабақша психологі Марал Алматбекқызының тренингі барысында балалар бір-бірімен танысып, жылы лебізін білдірді.
– Кездесу арқылы ерекше балаларды қоғаммен жақындастырдық. Алдағы уақытта да мұндай шара өз жалғасын табады, – дейді аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологі Ақтолқын Нұрмағанбетова.
Өмірдің гүлі, көңілдің нұры болған балалар бұл күні көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Қоғамдық бірлестіктің өнерлі өрендері келген қонақтармен тез тіл табысты. Балабақша мен қоғамдық бірлестік балалары өзара сыйлық алмасты.
– Келген қонақтар мен бүлдіршіндерге айтар алғысым шексіз. Сіздердің арқаңызда балаларым қызықты кештің куәсі болды, өзіне жаңа достар тапты. «Аңсағанның» балалары әрдайым қонақ күтуге дайын. Сондықтан алдағы уақытта да қуана қарсы аламыз, – деді Бақыткүл Сейіткәрімқызы.
Аслан НҰРАЗҒАЛИ
11 қараша 2019 ж. 1 702 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031