» » Отбасы – адам баласының алтын діңгегі

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі

Атыраудан Алтайға, Оралдан Алатауға дейінгі ұлан-ғайыр өңірді жайлап, құмын қыстаған қазақ жұрты «Жері байдың, елі бай» дейтін қағидадан аумай, сайын даласында мамыражай өмір кешсе оның бәрі айналып келгенде, ұлтымыздан сіңген қасиет, ұстанған салт-дәстүр қайтарымы деп түсінеміз. Өйткені ұрпақтар сабақтастығын бәрінен жоғары қою, баласына қамқорлық көрсету әлемінің бірқатар елдеріндегі дәстүр.
Қазақ халқы баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып өседі. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауға тәрбиелеген, ұрпағын ер-азамат ретінде халқына қызмет етуін басты міндет етіп қойған.Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оны атадан балаға мирас ету қазіргі таңда, әсірісе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.
Қыздың бойындағы ізеттілік, көрегенділік оның нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Қатты айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс –аяқты сылдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне дейін мән берілген. Әрбір қыз балаға ата-анасы туыс, ұстаз сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларына қамқор ана шығатыны сөзсіз. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған.   
Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеліп, адам етіп тәрбиелейді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты.
Қыздың намысы мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ұстамдылықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік қауіп санаған.
«Қыз өссе-елдің көркі» - дегендей халқымыздың қыз балаға деген құрметі ежелден ерекше болған. «Қызды төрге отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық қыздарын бақыт құсына балап, әлпештеп, аялаған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын. Қыздарымыздың асыл қасиеті-жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа қызықпағанымен жыр-дастандардан білеміз. Қыз баланың әдептілігі сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстай білуінен, жолдас-жораларымен және жай былайша адамдармен арақатынасынан, жалпы барлық жүріс-тұрысынан көріп тұрады. Қыз баланы әдепсіздігі оның бақытты болуына, өсіп-өнуіне үлкен нұсқан келтіреді. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды.
Қазақтың батыр, ақын да ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Сондықтан қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әрине әйел. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды.
 Қорыта келе айтарым, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет екенін айта кеткен жөн.
Қармақшы аудандық сотының төрағасы
Д.Кентбаев
30 қазан 2018 ж. 4 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031