» » Қазақы әйелдің бейнесі: кеше және бүгін

Қазақы әйелдің бейнесі: кеше және бүгін

Қазекем "Қызға қырық үйден тыю", "Қыздың жолы жіңішке" деп қыз баланың тәрбиесіне қатал қараған. "Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық", "Әйел бастаған көш оңбайды" дейтіні тағы бар. Жалпы, қазақ халқының әйелге деген көзқарасы қандай болған?Бүгінгі қазақ әйелінің қоғамдағы рөлі қандай?

Әйелдің отбасында алатын орны, атқарар рөлі ұшан-теңіз. Әйел – Ана, ақылшы, тәрбиеші, үйдің береке-ырысы. Ол ел мен елді елдестіруші, араздықты бітістіруші, дәнекерлеуші адам. Әсіресе, қазақ қоғамында ананың алар орны ерекше болған. Ел басына күн туғанда ер-азаматтармен бірдей атқа қонған, бейбіт күнде білігі асса – билікте, өнері асса бәйгеде ерлермен бірдей жүрген әйелге құқық атаулыдан тыйым салынбаған. Мәселен, екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даланың батыр қыздары Томирис және Заринаның әлем тарихында ерлігімен қатар, даналығы аңыз болып қалды. Жоңғар шапқыншылығы тұсында қолбасшы Қабанбай батырдың жары Гауһардың ерлігін, тапқырлығын еске алсақ та жетеді. Қабанбай мен Гауһар­дан туған Назым қыздың небәрі 16 жасын­да Түркістан түбінде от шашқан жоңғар зеңбірегіне батпай, ұйлығысып қалған қазақ қолын бастап, кәмшат бөрік киіп, найза орнына қолындағы қамшысын бұл­ғап «Абылайлап» жауға шауып, жоң­ғар­ларды түре қуған ерлігі ел есінде. Кешегі Кенесарының қарындасы Бопайдың ерлермен бірге елінің азаттығы үшін толарсақтан саз кешіп, жасанған жаумен арыстанша айқасуы, қазақ тарихында аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғанымның елді ақылмен басқарғаны әсте ұмытылмайды. Кешегі Кеңес заманын­дағы екінші дүниежүзілік соғыста шығыс­тың қос шынары атанған Мәншүк пен Әлияның да ерлігі ұлт есінде.
Соның нәтижесінде қазақ халқы әлемге үлгілі ұлт болды. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел, елдік пен имандылықты ана сүтімен перзентіне сіңіре білді. Туыстық қатынастар терең дамыған халқымызда әйел баласы жалғыз қалмаған. «Қыз ағасыз, тон жағасыз болмайды», «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деген мақалдың өзі қыз баланың қорғансыз, сұраусыз болмағанын аңғартады. «Жесір ерден кетсе де елден кетпейді», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Аға өлсе, ініге мұра» деп мақалдап, әрбір адамгершілік, туыстық қатынасты орнына қойған кешегі қазақ қоғамы жетім мен жесірді қорғансыз қалдырмаудың қамын ойлаған. Астан – сыбаға, малдан – сойыс, егіннен кеусен беріп, кез келген жағдайда асыраушысы жоқ отбасына көмек көрсету бір рулы ел үшін айнымас дәстүр болған.
Түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы-ғалым Лев Гумилев “Көне түріктер” деген іргелі зерттеуінде түркілер әйелді сал-серідей қатты құрметтеген дейді. Баласы үйге кіргесін әуелі анасына иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесімен амандасқан екен. Орхон жазуында да ордада апа-қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны жырланады.
Қазақ әйелінің қоғамдағы салмағы сәл төмен болғанымен, олардың әдептілігін көрсететін көптеген әдептер де бар. Мәселен, күйеуінен өзге бөгде ер адамға беті мен екі қолының ұшынан басқа денесін көрсетпеу, жалаңаяқ, жалаңбас жүрмеу, ер адамның алдынан кесе өтпеу, үлкендер отырған үйге кірмеу, үйіне үлкендер келіп, әңгімелесіп отырғанда олардың әңгімесіне араласпау, тіпті оларға шай құйып отырғанның өзінде бір тізерлеп қырын қарап отыру, үлкендер көзінше дауыстап сөйлеспеу немесе балаға шаңқылдап ұрыспау үлкен әдептілік деп есептелген. Расымен де, мұның бәрі әйелдің көргендігін дәлелдейтін салт болған.
Ал, бүгінгінің әйелі қандай? Қазіргі қоғамымызда ер мен әйелдің рөлі теңесті. Техниканың дамыған заманында оны ер де, әйел де басқара алады. Жұмысбасты аналар көбейді. Мүмкін, осы себептен болар жанұядағы тәрбие төмендеді. Балалар ғаламторға байланды. Тәрбие көзі – көкжәшік болды.
Бірде танысымның үйіне бардым. Жас отбасының бірі. Үлкен ұлы әкесіне келіп «қарным аштыға» салып жылады. Жүйкесі төзбеген әйелі болса күйеуіне қатқыл дауыспен: «бәрін маған артып қоймай, бер тамағын» – деп жұлқынды. Әке байғұс баласына тамағын беріп, жуындырып, аяққа салып тербетіп ұйықтатуға кірісе кетті. Бірақ, ол әйеліне қолқанат, өз баласына «құл» болып жүргенінен бейхабар. Бала кішкентайынан-ақ керісінше әкеге қызмет жасауы керек. Оны үйрететін – ана. «Ерді көрге де сүйрейтін, төрге де сүйрейтін – әйел» деп бекер айтылмаса керек-ті.
P.S
Ата-бабамызды сан ғасырлар бойы ізгілікке тәрбиелеген ұлттық дәстүріміз келер ұрпақ үшін де мың жылға жетерлік рухани азық болмақ. Алайда, жоғалтарымыз көбеймесін десек, «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген ұлттық ұстанымды берік ұстайық.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
03 шілде 2018 ж. 7 973 1

JeaCold от 16 ақпан 2019 11:06
Viagra Farmacia Euros Propecia Finasteride Online Zithromax Iv Dose generic cialis overnight delivery Achat De Clomid Propecia Hormones Effects

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031