» » Баланы омыраудан шығармаудың әйелге пайдасы

Баланы омыраудан шығармаудың әйелге пайдасы

Баланы омыраудан шығармаудың әйелге пайдасы
Сүт шығу – әйел өмір сүру салтын өзгертуді қажет ететін күрделі процестің бірі. Емізу балаға қаншалықты пайдалы екені барлығына белгілі. Осыны білгендіктен, әйелдердің көпшілігі мүмкіндігінше ұзақ уақыт емізуге тырысады. Алайда бұл процесс ананың денсаулығына да пайдалы. Ендеше, Баланы омыраудан шығармаудың 10 пайдасын ұсынамыз.
Кей әйелдер (әсіресе, шетелдіктер) дене пішінін бұзып алатынын ойлап, бала емізуден бас тартып жатады. Бірақ олар табиғатта барлығы өз жөнімен екенін ұмытатын секілді, себебі сүт шығу – әйелге берілген үлкен сый, оның әйел денсаулығына берер пайдасы көп.
Сүт шығу физиологиясы
Сүт шығу процесіне ағзаның көптеген жүйелері қосылған: эндокринді, вегетативтік, репродуктивті. Бұл міндетке барлық ағза икемделеді, бұл уақыт аралығында зат алмасу, жүке жүйесінің қызмет етуі, тіпті, ас қорыту да өзгереді. Сүт шығу кезінде ағза пролактин мен окситоциннің аса мол мөлшерін, сонымен қатар ас қорыту ферменттерін өңдеп шығарады. Ал оның барлығы әйел денсаулығына түбегейлі әсер етеді.
Емізуді жалғастырудың 10 себебі
Емізу әйелге босанғаннан кейін жылдам қалпына келуіне көмектеседі. Сүт шығу уақытында жас ана жүктілік кезінде жоғалтқан қорын қайтадан қалпына келтіре алады. Емізу әйелдің барлық ағзасына әсер етеді, әсіресе, мына себептерге пайдалы болады:
1. Сүт шығу 2-ші типті диабетпен ауыру қаупін төмендетеді. Инсулин гормондары омырау сүтінің өндіруіне белсенді қатысады, сондықтан зат алмасу ағзаларының жұмысын реттейді. Сүт шығу кезінде гормонды фон айтарлықтай өзгеретіндіктен, эндокринді жүйе жаңа режимге қайта құрылады. Мұндай қорлар жұмылдыруы 2-ші типті диабетпен ауыру қаупінің төмендеуіне ықпал жасайды.
2. Емізу қантамырларға пайдалы. Сүт шығу – қантамырларға арналған керемет жаттығу. Бұл уақытта қантамырлар жүйесінің тазаруы және холестериннің төмендеуі болады. Емізудің барлық уақытында және одан кейін де біраз уақыт бойы қантамырлар керемет жағдайда болады. Сол үшін инсульт пен инфаркт қаупі төмендейді.
3. Емізу артериялық қысымды төмендетеді. Емізу қантамырларға пайдалы болғандықтан, олардың тазаруы ағза бойынша қан айналымын жақсартады және қысымның қалыпқа келуіне көмектеседі. Емізу кезінде қан айналым жүйесі мінсіз тепе-теңдікке келіп, жоғары қысым мәселесі жоғалады.
4. Сүт шығу депрессиядан арылуға көмектеседі. Емізу кезінде әйелдің жүйке жүйесі тыныштық пен бейбіт күйге келеді. Емізу кезінде әйел қанына гормондар, соның ішінде эндорфин келеді. Ол қанағаттану мен бақыт сезімін сыйлайды. Сондықтан, бала емізу босанғаннан кейінгі депрессиядан жылдам құтылуға көмектеседі.
5. Емізу – емшектің созылмалы ауруының (мастопатия) алдын алатын керемет құрал. Емізу мастопатияның алдын алатын гормондар өндіруіне ықпал етеді және сүт бездеріндегі қан айналымды күшейтеді. Егер жүктілікке дейін мастопатия деген диагноз қойылса, босанған соң емізу арқылы одан құтылу мүмкіндігіңіз бар.
6. Сүт шығу темір тапшылығын анемиядан қорғайды. Балаға көп темір керек болғандықтан, емізу кезінде қан азық-түліктен көбірек темір алатындай етіп жасалынып қойған. Сондықтан, емізетін әйел анемиямен ауырмайды.
7. Емізу сүйектерді бекітеді. Мамандар емізу кезінде әйел ағзасы кальцийді жақсырақ сіңіретінін дәлелдеген. Бұл эффект емізуден соң 1,5 жылға дейін сақталады екен. Сондықтан, емізу кезінде кальцийге бай тағамдарды жесеңіз, ағза оны бірден сіңіріп алады.
8. Емізу жатыр, аналық без және сүт бездері рагы қаупін төмендетеді.
9. Емізу кей әйелдердің салмақ тастауына көмектеседі. Емізу кезінде ағза тамақты тиімді қорытады және қорды кейінге қалдырмайды. Сондықтан, жүктілік кезінде пайда болған артық салмақтан арылуға және басқа салмақ қоспауға көмектеседі.
Кейбір әйелдер бала босанған соң, шаштың көп түсетінін немесе тістің құртылғанын айтып жатады. Ол жүктілік кезінде ағзаға қандай да бір элементтің жетіспеушілігінен немесе жүктілікке дейін тісін емдетпеген жағдайда болуы мүмкін. Босанған соң, аз дегенде 9 ай уақыт шамасында бала емізген әйелдің ағзасы қайтадан барлық ресурсты қалпына келтіреді. Бастысы, ағзаға көмек ретінде пайдалы әрі дұрыс тағамдар жеп, денсаулығыңызды күтуді ұмытпау қажет. Емізу кезінде тұмаумен аз ауыратындығыңызды (немесе тіптен ауырмайтындығыңызды) және ас қорыту жүйесінде ешқандай мәселе болмайтындығын байқайсыз.
massaget.kz
29 сәуір 2018 ж. 1 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031